География пәні мұғалімдеріне арналған облыстық семинар өтті.
2023 жылдың 03 ақпан күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес, Ақтау қаласы №9 жалпы білім беретін мектебінде цифрлық әдіс-тәсілдерді ұсыну арқылы педагогтардың кәсіби шеберлігін шыңдау, әдістемелік деңгейін жетілдіру мақсатында «География сабақтарында шығармашылық жұмыстарды қолданудың цифрлық тәсілі» тақырыбында география пәні мұғалімдеріне арналған облыстық семинар өтті. Семинарға 40-тан астам педагог қатысып, 4 спикер өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Атап айтқанда:
️Қаржаубаева Нұржамал Исанқызы, Мұнайлы ауданы, №6 жббм география пәні мұғалімі - «Excel Map бағдарламасы арқылы география сабағында картограмма және картодиаграмма жасау»;
️Досекен Нұрберген Бегалыұлы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп-лицейі география пәні мұғалімі - «География пәніне кіріктірілген "Өлкетану" курсын игерудің цифрлық әдіс-тәсілдері»;
️Кереева Мадина Оңайбайқызы, Мұнайлы ауданы, №9 жббм география пәні мұғалімі - «Жерсеріктік онлайн картада Қазақстанның географиялық орнын анықтау»;
️Мақсымова Ақтолқын, Ақтау қаласы, IT мектеп-лицейі география пәні мұғалімі - «Гаж-ды география пәнінде қолданудың цифрлық әдісі»;
Серікқали Бекарыс Төлегенұлы – География пәнінің 2023 жылға қауымдастық жоспарымен таныстырып, мақсат-міндеттері мен күтілетін нәтижелері айқындалды.
Қорытындысында, қатысушылар кері байланыс жасап, өзара тәжірибе алмасты. Спикерлер мен ұйымдастырушыларға әдістемелік жұмыстар бойынша ұсыныстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы - ғылым, шығармашылық, қоғамдық қызмет ...
"Жұмысша мамандықтар жылы" аясында жаңа технология мен достықты ұштастырып, ...
Бүгін, 1 маусым күні Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің, ...
2025 жылдың 28 мамыр күні Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты №32 жалпы ...
2025 жылғы 22-23 мамыр күндері Балаларды ерте дамыту институтының және Білім ...
Халықаралық конференция өтті 2025 жылғы 22 мамыр күні «Жұмысшы мамандықтар ...
2025 жылғы 22 мамыр күні Ақтау қаласындағы №31 жалпы білім беретін мектебінде ...
Бүгін, 22 мамыр күні Ақтау қаласындағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №28 жалпы ...
2025 жылғы 20 мамырда “Жұмысшы мамандықтар жылы” жоспарына сәйкес, Х.Өзбекғалиев ...