Мектепке дейінгі ұйымдарға әдістемелік көмек көрсетілді.
2023 жыл 09 наурыз күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, Түпқараған ауданы білім бөліміне қарасты Таушық ауылындағы «Айгүл», Қызылөзен ауылындағы «Толағай» мектепке дейінгі ұйымдарына әдістемелік көмек көрсетілді.
Әдістемелік көмек тобы теориялық бөлімінде тәрбиелік -дамытушылық мақсаттарға жеткізу үшін тәрбиешілерге, әдіскерлерге, директорларға / 31 педагогке/ дидактикалық-әдістемелік, педагогикалық-психологиялық бағытта кеңестер беріп, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
️Г.О.Киянова, Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының мектепке дейінгі бөлім әдіскері – «Мектепке дейінгі ұйымның оқу-тәрбие жұмыстарында басшылыққа алатын негізгі нормативтік құжаттар».
️Г.Б.Төлеуғалиева, Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының мектепке дейінгі бөлім әдіскері – «Педагогтың шығармашылық ойлауын дамыту, педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін және кәсіби шеберлігін арттыру».
АЖ.Джугенисова, Ақтау қаласы, «Айшуақ» бөбекжайының директоры – Мектепке дейінгі ұйым бойынша «Педагогикалық ұжйымның ғылыми-әдістемелік мүмкіндігін жетілдіру».
️Р.Қ.Сатиева, Ақтау қаласы білім берудің оқу әдістемелік орталығы мектепке дейінгі бөлім әдіскері – «Педагогикалық тәлімгерлікті ұйымдастыру».
Практикалық бөлімде бөбекжайлардың техникалық-базалық жағдайымен танысып, заттық-дамытушы орталықтарды жасақтаудың тиімді жолдарын көрсетіп, ұсыныстар айтты.
Сауалнама арқылы жүргізілген жұмыстар бойынша кері байланыс жасалды. Педагогтер әдістемелік көмек тобына ризашылықтарын білдірді.
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы - ғылым, шығармашылық, қоғамдық қызмет ...
"Жұмысша мамандықтар жылы" аясында жаңа технология мен достықты ұштастырып, ...
Бүгін, 1 маусым күні Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің, ...
2025 жылдың 28 мамыр күні Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты №32 жалпы ...
2025 жылғы 22-23 мамыр күндері Балаларды ерте дамыту институтының және Білім ...
Халықаралық конференция өтті 2025 жылғы 22 мамыр күні «Жұмысшы мамандықтар ...
2025 жылғы 22 мамыр күні Ақтау қаласындағы №31 жалпы білім беретін мектебінде ...
Бүгін, 22 мамыр күні Ақтау қаласындағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №28 жалпы ...
2025 жылғы 20 мамырда “Жұмысшы мамандықтар жылы” жоспарына сәйкес, Х.Өзбекғалиев ...