«Шеберліктен сапаға, ізденістен нәтижеге дейін» республикалық конференция
2025 жылдың 23 сәуір күні Маңғыстау облыстық білім басқармасының 21.04.2025 жылғы №99-нқ бұйрығымен өткізілген «Шеберліктен сапаға, ізденістен нәтижеге дейін» атты мектеп тәжірибесімен бөлісу республикалық конференция өткізілді.
Конференцияға республиканың түпкір-түпкірінен барлығы 225 педагог қатысты. Конференция мақсаты педагогтің оқу процесінде оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру мен шығармашылық ізденісті дамыту арқылы оқу үдерісінің нәтижелілігін арттыру, тәжірибе алмасу алаңын құру.
Конференцияда Мұнайлы ауданы бойынша 78 педагог өздерінің іс-тәжірибесімен бөлісті. Конференция төрт бөлімді қамтыды.
«ШЕБЕРЛІКТЕН САПАҒА» бөлімінде «Сабақты құрылымдау: идеядан нәтижеге дейін» тақырыбында сабақтар топтамасы, «Даму мен кәсіби өсудің жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында зерттеу алаңдары, «Мектептегі үйірмелер: өзін-өзі дамыту мүмкіндігі» тақырыбында шеберлік сағаттары өткізілді.
«ІЗДЕНІСТЕН НӘТИЖЕГЕ ДЕЙІН» бөлімінде «Орындаушы емес, бастамашы бол!» тақырыбында team-teaching-тер, «Жетістікке бастар жол: мектепті басқару тәжірибесінен» тақырыбында форсайт-сессиялар өткізілді.
Пленарлық отырыс модераторы Маңғыстау облысының білім басқармасының Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының директоры Кумбаев Ескендір Ясавиловичтің жүргізуімен өтті.
Отырыста ауданнан 5 спикер өз тәжірибелерімен бөлісті. Пленарлық отырысқа Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары Ноғаева Сара Ноғаевна, Маңғыстау облыстық Білім басқармасының «Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы» директоры Кашкинов Амангелді Аманжанұлы қатысып, конференцияға қатысушыларға ыстық лебізін білдірді.
Конференция соңы Шоғы Мұңалұлы атындағы №5 жалпы білім беретін мектептің дарынды, талантты оқушыларының қатысуымен «Шабыт пен талантты ұштау: шығармашылыққа жаңа көзқарас» тақырыбында КОМПОЗИЦИЯЛЫҚ САҒАТ-пен қорытыланды.
Конференция барысында қатысушылар «ӨЗ ҚОЛЫҢМЕН ЖАСА!» тақырыбында шығармашылық уақыт кезеңінде оқушылар мен педагогтердің шығармашылық көрмесін тамашалады.
__1b74ef96a08988f9ae8c80d5a3a0d1d8.png)



__9d19d646305789c5bb0ed2ba8747ccfe.png)






__f4a5361cae80aeb0599e9934a1566323.png)
__5497ca90b4afa6337959bd5acf63056a.png)

__9ca201d1d9c102af837e8a6e61488dc1.png)
__e82ef1932c330a9354a1cb61761dca35.png)