Орталық жаңалықтары

«943 – ЕЛДІҢ НЫСАНАЛЫ МЕКТЕПТЕРІН ДАМЫТУ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ 59 НЫСАНАЛЫ МЕКТЕБІНЕ ЖАУАПТЫ МЕНТОРЛАРЫ МЕН ӘДІСКЕРЛЕРІНЕ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

2024 жылдың 2 қыркүйек күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен  «943 – елдің нысаналы мектептерін дамыту» жобасы аясында Маңғыстау облысының 59 нысаналы мектебіне жауапты менторлары мен әдіскерлеріне дөңгелек үстел өтті.

Аталған шараның мақсаты: Нысаналы мектептердің жеке портреттерін талдау, әдіскер ментордың нысаналы мектебімен өзара іс-қимыл жоспарын жасақтау.

Қамтылған аудитория: қалалық, аудандық оқу-әдістемелік орталықтарының жауапты әдіскерлері, нысаналы мектепке тағайындалған әдіскер-менторлар.

✅Шара барысында: 

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының директоры – Үмбетова Жаңагүл Жұмахметқызы жаңа оқу жылымен құттықтап, сөз сөйледі;

«Нысаналы мектептердің жеке портреттеріне талдау» – Жұмабаева Жемісгүл Жеткізгенқызы, Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары;

«Нысаналы мектеп педагогтерінің базалық курстан өтуінің ағымдағы жағдайы» – Қазбекова Айман Темірқұлқызы,  Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының «Педагогикалық квалиметрия және халықаралық зерттеу» бөлімінің әдіскері.

Шара соңында ұсыныс-пікірлер тыңдалып, жұмысты одан әрі тиімді жүргізу және дамыту жолдары талқыланды.  Әріптестер берілген тапсырмаларды шешу барысында бөлінген білім беру ұйымдарымен жасалатын жылдық жоспарын жасады. 

title=title=title=title=title=


Облыстық «JAS MAMAN - CUP» пікірсайыс турнирі Маңғыстау облысының жас мамандар ...

Бүгін, 2024 жылғы 27 наурыз күні Ақтау қаласындағы Халел Өзбекғалиев атындағы ...

2024 жылдың 27 наурыз күні білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар ...

2024 жылдың 26-27 наурыз күндері Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ...

2024 жылдың 26 наурыз күні ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың ...

Ағымдағы жылдың 19 наурыз күні Маңғыстау ауданы өнер мектебінің Тұщықұдық ауылы ...

Маңғыстау облысының білім басқармасы «Орта білім беретін үздік ұйым» және ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2024 жылға арналған іс-шаралар ...

Білім берудің оқу әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес 2024 ...