Орталық жаңалықтары

Облыстық «Қазақшаң қалай, балақай?» сырттай байқауы өтті.

2024 жылғы 09 қыркүйек күні мектеп жасына дейінгі ұйымдар мен мектепалды сыныптар арасында Қазақстан халықтарының тілдері күніне арналған тәрбиеленушілердің ауызекі байланыстырып сөйлеуін дамыту мақсатында облыстық «Қазақшаң қалай, балақай?» сырттай байқауы өтті.

Қазылар алқасының шешімімен төмендегі орындар мен номинациялар берілді:

І орын – «Ертегілер әлеміне саяхат» жұмысымен Қарақия ауданы, «Аружан» бөбекжайының тәрбиеленушісі мен педагогі Табылдиева Оралхан Ибраймқызы;

ІІ орын – «Тіл – әр ұлттың ең асыл қазынасы» жұмысымен Қарақия ауданы, «Балауса» бөбекжайының тәрбиеленушілері мен педагогі Шайхы Динара Қуанышқызы;

ІІІ орын – «Кітапханаға саяхат» жұмысымен Ақтау қаласы, №56 «Жұлдыз» бөбекжайының тәрбиеленушілері мен педагогі Тасеменова Венера Сансызбайқызы;

«Менің отбасым» жұмысымен Мұнайлы ауданы, №6 «Өркен» бөбекжайының тәрбиеленушілері мен педагогі Оразова Айжан Аленқызы.

«Үздік ұйымдастырылған балалар әрекеті» номинациясымен – «Қызыл телпек» ертегісімен Бейнеу ауданы «Балауса» бөбекжайының тәрбиеленушісі мен педагогі Смагулова Гакку Жамбылқызы;

«Менің отбасым» жұмысымен Мұнайлы ауданы, №4 «Балапан» бөбекжайының тәрбиеленушілері мен педагогі Наурызбаева Ардақ Наурызбайқызы;

«Үздік мерекелік іс - шара» номинациясымен – «Бірге асық ойнайық» жұмысымен Ақтау қаласы, №46 «Балбұлақ» бөбекжайының тәрбиеленушілері мен педагогі Елеусизова Сатда Кахиханқызы марапатталды.

Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз!!!

https://youtu.be/WTpmP5A-_jk?feature=shared

https://youtu.be/rYf8N1mdLbU?si=d64j6Ru8aPwXj2bL 

title=


Облыстық «JAS MAMAN - CUP» пікірсайыс турнирі Маңғыстау облысының жас мамандар ...

Бүгін, 2024 жылғы 27 наурыз күні Ақтау қаласындағы Халел Өзбекғалиев атындағы ...

2024 жылдың 27 наурыз күні білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар ...

2024 жылдың 26-27 наурыз күндері Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ...

2024 жылдың 26 наурыз күні ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың ...

Ағымдағы жылдың 19 наурыз күні Маңғыстау ауданы өнер мектебінің Тұщықұдық ауылы ...

Маңғыстау облысының білім басқармасы «Орта білім беретін үздік ұйым» және ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2024 жылға арналған іс-шаралар ...

Білім берудің оқу әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес 2024 ...