Облыстық «Қобыз сарыны» байқауы
2024 жылдың 19 сәуір күні білім берудің оқу-әдістемелік орталығының қолдауымен, облыстық қосымша білім беру педагогтері қауымдастығының жоспарына сәйкес Ақтау қаласы, «Оқушы орталығында» өнер және музыка мектептеріндегі қобыз пәнінің педагогтері арасында «Қобыз сарыны» тақырыбында облыстық байқау өткізілді.
Шығармашыл мамандарды қолдау, кәсіпқой қобызшылар арасында тәжірибе алмасу, музыка саласында өзін-өзі жетілдіруге жағдай жасау мақсатында өткізілген облыстық байқауға (мектепішілік іріктеу кезеңіне 13 жеке орындаушы, 4 ансамбль ұжымы) 7 жеке орындаушы мен 2 ансамбль ұжымы қатысты.
Қорытындысында байқауға қатысушы педагогтер білім берудің оқу-әдістемелік орталығының Дипломдарымен марапатталды.
Жеке орындаушылар бойынша:
І орын- Ербозова Гүлжамал Аманғалиқызы, Ақтау қаласы, Абыл Тарақұлы атындағы балалар өнер мектебі. Қобыз пәнінің мұғалімі
ІІ орын- Жұбатқанова Мәдина Қасымқызы, Жаңаөзен қаласы, М.Өскенбаев атындағы балалар музыка мектебі. Қобыз пәнінің мұғалімі
ІІІ орын- Әзірбай Толғанай Болатбекқызы, Қарақия ауданы, Өскенбай Қалманбетұлы атындағы балалар өнер мектебі. Қобыз пәнінің мұғалімі
ІІІ орын- Мукаева Ардак Алдановна, Түпқараған ауданы, Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы өнер мектебі. Қобыз пәнінің мұғалімі
Ансамбль бойынша:
І орын- "Қобызшалар триосы", Жаңаөзен қаласы, М.Өскенбаев атындағы балалар музыка мектебі
ІІ орын- «Әуез» квартеті, Түпқараған ауданы, Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы өнер мектебі.
Маңғыстау облысы білім басқармасының басшысы Динара Жұмашева бастаған білім ...
Бүгін, 21 тамыз күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен ...
Бүгін Маңғыстау облысы білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі аясында облыс ...
Бүгін, білім беру қызметкерлерінің Тамыз кеңесі аясында облыстың білім беру ...
Биылғы жылы 1 383 робототехника, химия, биология, физика және STEM пәндік ...
ҚР Премьер-Министрінің 2024 жылғы 9 шілдедегі №21 және 2024 жылғы 11 шілдедегі н/ж ...
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 12 тамыз ...
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта, қосымша, арнайы, техникалық және ...