Республикалық жетістік!
«Мектепке дейінгі ұйымның жыл әдіскері» байқауының облыстық кезеңінде Мұнайлы ауданы, №6 «Өркен» бөбекжайының әдіскері Реева Тұрсынай Жүсіпбайқызы жүлделі І орынға ие болып, республикалық кезеңге жолдама алған болатын.
Міне, бүгін сол еңбектің жемісі мен кәсіби шеберліктің тағы бір дәлелі — республикалық байқаудың қорытынды кезеңінде ІІІ орынға ие болды!
Бұл — тынымсыз еңбектің, ізденістің, кәсіби біліктіліктің және мектепке дейінгі білім беру саласына деген адалдықтың жемісі. Тұрсынай Жүсіпбайқызын осынау айтулы жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!
Еңбегіңіз еленіп, мерейіңіз үстем болсын! Білім беру саласындағы бастамаларыңызға сәттілік, шығармашылық шабыт, толағай табыс тілейміз! Әрдайым биіктен көрініп, абыройыңыз асқақтай берсін!
Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің ...
Маңғыстау облысының білім басқармасының іс-қимыл жоспарына сәйкес және ...
2021 жылдың 08 қазан күні ZOOM платформасы арқылы «Білім берудің оқу-әдістемелік ...
2021 жылдың 6 қазан күні «Mediana Services Limited» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде ...
Қазанның 4-і күні аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев облыс педагогтарын кәсіби ...
Маңғыстау облысы әкімінің парасаттылық мәдениетін ілгерілету бойынша 2021 жылға ...
2021 жылдың 1 қазан күні облыстық оқу-әдістемелік орталығының арнайы және ...
2021 жылдың 30 қыркүйек күні облыстық оқу-әдістемелік орталығының арнайы және ...
2021 жылдың 30 қыркүйек күні облыстық оқу-әдістемелік орталығының арнайы және ...
2021 жылдың 23 қыркүйек күні облысымыздағы қосымша білім беру ұйымдары қатысуымен ...















