Орталық жаңалықтары

ҮЗДІК ҰСТАЗДАР ҰЛЫҚТАЛДЫ

ҮЗДІК ҰСТАЗДАР ҰЛЫҚТАЛДЫ

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында жаңалыққа жаны құштар, ізденімпаз, еңбекқор, өздерін үнемі жетілдіріп, шәкірт жүрегіне жол тауып жүрген маңғыстаулық педагогтерге ерекше құрмет көрсетілді.

Бүгін 15 желтоқсан күні Ақтау қаласындағы Достық үйінде облыс әкімі Н. Ноғаев облыстың үздік педагогтерімен кездесті.

Салтанатты шараға мемлекеттік органдар мен облыстық, республикалық білім беру ұйымдарының басшылары, республикалық және облыстық «Үздік педагог» конкурсының жеңімпаздары, мұғалімдік жолды таңдаған жас мамандар қатысты.

Кездесу барысында облыс әкімі Н.Ноғаев бүгінгі шараның Тәуелсіздік күні мерекесімен тұспа-тұс келіп отырғандығын атай келе, қонақтарды ұлы мерекемен құттықтады.

«Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз сөзінде: «Ұстаз – әрқашан ілім мен ізгілікті алға қоятын тұлға. Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу – аса жауапты әрі күрделі жұмыс. Сондықтан болашаққа жол сілтейтін мұғалімнің еңбегін лайықты бағалау – өте маңызды міндет»,- деген болатын.

Осыған байланысты елімізде «Педагог мәртебесі туралы» Заң қабылданғанын білесіздер. Заңда педагогтің құқықтары, әлеуметтік кепілдіктері және шектеулері, міндеттері мен жауапкершілігі нақты бекітілді.

Кезең-кезеңмен педагогтерді ұдайы материалдық қолдау жүйесі қалыптасты. Соңғы төрт жылда жалақы 100 %-ға, біліктілік санаттары бойынша жалақы 50%-ға дейін өсті.

Халықаралық деңгейде оқушы дайындаған педагогке тиісті мемлекеттік білім беру ұйымының қызметі бойынша үнемдеу есебінен үш лауазымдық айлықақы мөлшерінде біржолғы сыйақы төленді.

Республикалық «Үздік педагог» конкурсының облыстық кезеңінің жеңімпазына 1000 еселенген айлық есептік көрсеткіш және республикалық кезеңге қатысқан, бірақ оның жеңімпазы болмаған «Үздік педагог» конкурсының облыстық кезеңінің жеңімпазына кемінде 300 еселенген мөлшерінде сыйақы тағайындалды.

Осының барлығы педагогтердің қоғамдағы мәртебесін көтеру үшін мемлекет тарапынан көрсетілген үлкен қолдау деп білемін.

Заман талабына сай білімі мен білігі, рухы мен мәдениеті озық мұғалімнің ғана шәкірт алдында беделі биік болары сөзсіз.

Облыста соңғы 10 жыл ішінде (2012-2022 жж.) үздік педагогтердің саны 35-ке жетті. Осындай педагогтеріміздің қатары жыл сайын толығып келе жатқаны көңіл қуантады», - деді облыс әкімі Н.Ноғаев.

Шара соңында 2022 жылдың «Үздік педагог» конкурсының жеңімпаздарына Маңғыстау облысы әкімінің Алғыс хаты, облыстың үздік педагогтеріне 300 АЕК көлеміндегі ақшалай сыйлық сертификаттары табысталды.

Сонымен қатар барлық үздік педагогтерге облыс әкімі Н.Ноғаевтың құттықтау хаты тапсырылды. 

title=title=title=title=title=title=title=title=title=


Білім берудің оқу әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес 2024 ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 12 наурыз ...

Ағымдағы жылдың 9 наурыз күні Мұнайлы ауданы  №7 жалпы білім беретін мектепте ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес, 2024 жылғы 7 ...

Жас педагогтердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамытуына жағдай жасау, ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес, 2024 жылғы 6 ...

2024 жылдың 6 наурыз күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар ...

«Қос қанатым-поэзия, музыка» атты әдеби сазды кеші өтті 5 наурыз күні Ақтау ...

Бүгін білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2024 жылға арналған іс-шаралар ...

Білім берудің оқу әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес 2024 ...