Тәжірибе алмасу семинары өтті
2024 жылдың 3 мамыры күні О. Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды техникалық колледжінде «Жас маман» жобасы аясында Worldskills талаптарымен даярлауды халықаралық деңгейге көтерудің алғышарттары» тақырыбында облыстық семинар-практикум ұйымдастырылды.
Worldskills халықаралық стандартына сәйкес кәсіби даярлау тәжірибесі мен әдістемесін дамыту және озық педагогикалық тәжірибелерді насихаттау және тәжірибе алмасу мақсатында өткен облыстық шараға «Өндірістік автоматика» және «Электромонтаждық жұмыстар», «Графикалық дизайн» құзыреттіліктері бойынша облыстағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының 31 арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқу шеберлері қатысты.
Семинар-практикумның теориялық бөлімінде «Өндірістік работотехника» құзыреттілігінің облыстық бас сарапшысы, басшының ОӨЖ орынбасары Жазықбаева Айнур Жұмабергенқызы «Жасанды интеллектіні қолдана отырып, халықаралық Worldskills талаптарымен даярлаудың әдістемесі», «Worldskills стандарттары негізінде демонстациялық тапсырмаларды жасақтаудың алгоритмі» тақырыбында, ал «Бизнеске арналған IT шешімдер» құзыреттілігінің облыстық бас сарапшысы Исағалиева Зүлфия Асхатқызы «Worldskills стандарттарын білім беру бағдарламаларына енгізудің алғышарттары» тақырыбында шебер-сыныптар көрсетті.
Семинар-практикумның тәжірибелік бөлімінде:
- «Өнеркәсіптік автоматика жүйесін электромонтаждау және баптау» стендін пайдалана отырып, арнайы пән оқытушысы, «Өнеркәсіптік автоматика» құзыреттілігі бойынша бас сарапшының орынбасары Долубаев Бейбарыс Құдайбергенұлы, өндірістік оқу шебері Алдамжаров Алибек «Worldskills - 2022 «Special Edition» стандарты мен «Emirateskills Abu-Dhabi – 2024» халықаралық достық чемпионаты тапсырмасымен даярлау ерекшеліктері» тақырыбында менторлық сессия;
- Арнайы пән оқытушысы, «EmiratesSkills 2024» халықаралық чемпионатының сарапшысы Исағалиева Зүлфия DigitalSkills Kazan 2023, WS Special Edition және EmiratesSkills 2024 тәжірибесі негізінде “Графикалық дизайн” құзыреттілігі бойынша халықаралық WSI стандарттарын ұстану - кәсіби дайындықты арттырудың негізі» тақырыбында воркшоп;
- Арнайы пән оқытушылары Бураев Бекзат, Матжанов Асылбек «ONI WS Programming» стимуляторын пайдалана отырып, «Электромонтждық жұмыстар» құзыреттілігіндегі «Бағдарламалау» модулі бойынша WS стандартымен даярлау» тақырыбында кейс-стади;
- «Өнеркәсіптік работотехника» құзыреттілігінің сарапшысы, арнайы пән оқытушысы, Өтешова Мейрамгул «Fanuc» оқу ұяшығын пайдалана отырып, «Өнеркәсіптік работотехника» құзыреттілігі бойынша «WSC-2024» талаптарымен оқыту негіздері» тақырыбында шебер сыныбын көрсетіп, әріптестерімен іс-тәжірибе алмасты.
Семинар-практикум соңында ұсыныс-пікірлер тыңдалды.
«Жас маман» жобасы аясында Worldskills талаптарымен даярлауды халықаралық деңгейге көтерудің алғышарттары» тақырыбында облыстық семинар-практикумы мазмұнды, тақырыбына сай маңызды шара болды.
Бүгін білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Маңғыстау ...
Ағымдағы жылдың 21 мамыр күні Маңғыстау облысының ағылшын тілі пәні мұғалімдері ...
Бүгін, 23 мамыр күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2024 жылға арналған ...
Білім берудің оқу әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес 2024 ...
2024 жылдың 21 мамыр күні мектепке дейінгі мобильді топтың іс-шаралар жоспарына ...
Үстіміздегі жылдың 17 мамыры күні М.Тынышпаев атындағы ҚазККА Ақтау көлік ...
2024 жылдың 17 мамыр күні мектепке дейінгі мобильді топтың іс-шаралар жоспарына ...
Білім берудің оқу - әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2024 ...
«Мемлекеттік рәміздер-киелі құндылығымыз» облыстық үздік сабақ байқауының ...
Бүгін, 16 мамыр күні Астана қаласында «Инклюзивті және арнайы білім беру ...