Орталық жаңалықтары

Ауыл ұстазы – ел абыройы

Астана қаласында Ұстаздар күні қарсаңында өткен шарада Бейнеу ауданының Опорный жалпы білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі, шебер педагог Жиенбетова Қарқара Кенесарықызы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

Бұл жоғары марапат – ауыл ұстазының табанды еңбегіне, өскелең ұрпаққа деген шынайы жанашырлығына көрсетілген құрмет.

Атаулы марапатты Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызы табыстады.

Қарқара Кенесарықызы 38 жыл еңбек жолында мыңдаған шәкіртке сапалы білім беріп қана қоймай, жас мамандарға тәлімгерлік жасап, ұстаздық жолдың абыройы мен жауапкершілігін терең ұғындырып келеді.

Ауыл мектебінде үздіксіз еңбек етіп, саналы ғұмырын жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруге арнаған ұстазды марапатымен шын жүректен құттықтай отырып, деніне саулық, отбасына амандық, шығармашылық табыс тілейміз. 

title=title=title=


ҚР Оқу-ағарту министрлігінің “Қазіргі білім: сапа және менеджмент, заманауи ...

2025 жылдың 6 ақпан күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының мақсатты мектеп ...

Білім беру ұйымдарындағы арнайы мамандар қауымдастығының іс-шаралар жоспарына ...

2025 жылдың 04 ақпан күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының мақсатты ...

Бүгін, 31 қаңтар күні Ақтау қаласының 33 мектепте «Баршаға қолжетімді сапалы ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Өңірлік ...

2025 жылы 30 қаңтар күні Маңғыстау облысының білім басқармасының мектепке дейінгі ...

2025 жылы 29 қаңтар күні Маңғыстау облысы бойынша мектепке дейінгі білім беру ...

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Т. ...

2025 жылдың 29 қаңтарында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен ...