Орталық жаңалықтары

«Мектеп географиясын оқытудағы геоақпараттық технологиялардың қолданбалы негіздері» тақырыбындағы бірлескен семинары өтті.

2024 жылғы 26 тамыз күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Мектеп географиясын оқытудағы геоақпараттық технологиялардың қолданбалы негіздері» тақырыбындағы бірлескен семинары өтті.

Жаңаөзен қаласы Оқушылар шығармашылық үйінде өткен семинар география пәні мұғалімдерінің қазіргі кездегі география пәнін оқытудың ерекшеліктерімен таныстырып, оқытудың тиімді жолдарын көрсету мақсатында ұйымдастырылды.

Семинарға Жаңаөзен қаласының жалпы білім беру мекемелерінен 49 география пәні мұғалім қатысты.

Модератор: Жұмалиев Рашид Тәттімбетұлы – Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқу-әдістемелік орталығы» КММ, география пәні әдіскері.

Төмендегі спикерлер өз іс-тәжірибесімен бөлісті:

1. Алиаскаров Думан Тоқтарұлы – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, География және экология кафедрасының меңгерушісі, аға оқытушысы (PhD)

«Әлемнің географиялық дизайны және ГАЖ (GIS) -технологиялар»;

2. Лайсханов Шахислам Ұзақбайұлы – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, География және экология кафедрасының қауымд. профессоры м.а. (PhD)

Геоақпараттық білім берудегі геоақпараттық технологиялар мен Жерді қашықтан зерделеу материалдары;

3. Үсенов Нұрбол Ергешұлы – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, География және экология кафедрасының қауымд. профессоры м.а. (PhD)

Жалпы білім беретін мектептердің жоғары сыныптарына арналған "Географиялық білім берудегі геоақпараттық технологиялар мен ресурстар" электронды оқулығының таныстырылымы;

4. Нұрмағамбетұлы Жанболат – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, География және экология кафедрасының 1-курс докторанты

География сабағында ГАЖ (GIS) қосымшалары мен геопорталдарды тиімді пайдалану жолдары.

Барлық қатысушыларға сертификат табысталды. 

title=title=title=title=title=title=title=title=


Оқушылардың білім сапасын арттыру мәселесі бойынша педагогтерге әдістемелік ...

2024 жылғы 17 қаңтар күні Маңғыстау облыстық мектепке дейінгі ұйымдар мобильді ...

Білім берудің оқу- әдістемелік орталығының іс- шаралар жоспарына сәйкес, 2024 ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы оқушылардың позитивті қарым-қатынастары ...

Бүгін, 2024 жылғы 17 қаңтар күні Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары ...

2024 жылдың 16 қаңтар күні Ақтау қаласының №8 жалпы білім беретін мектебінде ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2024 жылға арналған іс-шаралар ...

Облыстық білім берудің оқу-әдістемелік орталығы «Алматыкітап» ЖШС-нің оқу ...