Орталық жаңалықтары

«Психология әлемі» облыстық байқауы

2023 жылдың 22 ақпан күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, мектепке дейінгі ұйымдардағы және жалпы білім беретін мектептердегі жас педагог-психологтар арасында “Психология әлемі” сырттай байқауы өткізілді.  Мақсаты: шығармашылықпен жұмыс істейтін, кәсіптік шеберлігін көрсете алатын жас педагог – психологтарды анықтау, қолдау және ынталандыру, педагог-психолог мамандығының дәрежесін көтеру. 

Байқау үш кезеңнен тұрды:

“Педагог-психологтың визиттік карточкасы” - таныстыру;

“Тәжірибелік іс-шара” - өз жұмыс тәжірибесін көрсету;

“Таңдаған тақырыпқа эссе жазу”. 

Аудан, қалалардан барлығы 13 педагог-психолог қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша мектепке дейінгі ұйымдар арасында:

І дәрежелі дипломмен Мұнайлы ауданы №5 "Айналайын" бөбекжайының педагог-психологы Утеулиева Айман Кеңесбайқызы;

ІІ дәрежелі дипломмен Жаңаөзен қаласы, №4 "Самал" бөбекжайының педагог-психологы Табылдиева Қазына Дүйсенғалиқызы;

ІІІ дәрежелі дипломмен Қарақия ауданы "Аружан" бқбекжайының педагог-психологы Алданепесова Меруерт Бисенқызы;

ІІІ дәрежелі дипломмен Маңғыстау ауданы "Дарын" балабақшасының педагог-психологы Ізбасарова Ақтоты;

Жалпы білім беретін мектептер арасында:

І дәрежелі дипломмен Мұнайлы ауданы Ш. Мұңалұлы атындағы №5 жалпы білім беретін мектептің педагог-психологы Самархан Бағдат Әбубәкірқызы;

ІІ дәрежелі дипломмен Түпқараған ауданы Е. Өмірбаев атындағы жалпы білім беретін мектептің педагог-психологы Елеусинова Милана Әминқызы;

ІІІ дәрежелі дипломмен Қарақия ауданы №9 жалпы білім беретін мектептің педагог-психологы Қашқынбай Сандуғаш Жақсыбайқызы марапатталады 

title=


2024 жылғы 18 қаңтар күні мектепке дейінгі ұйым және бастауыш сынып педагогтеріне ...

Оқушылардың білім сапасын арттыру мәселесі бойынша педагогтерге әдістемелік ...

2024 жылғы 17 қаңтар күні Маңғыстау облыстық мектепке дейінгі ұйымдар мобильді ...

Білім берудің оқу- әдістемелік орталығының іс- шаралар жоспарына сәйкес, 2024 ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы оқушылардың позитивті қарым-қатынастары ...

Бүгін, 2024 жылғы 17 қаңтар күні Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары ...

2024 жылдың 16 қаңтар күні Ақтау қаласының №8 жалпы білім беретін мектебінде ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2024 жылға арналған іс-шаралар ...