Орталық жаңалықтары

ОБЛЫСТЫҚ ЖАС МАМАНДАР ФОРУМЫ ӨТТІ.

2022 жылдың 01-02 тамыз күндері «Балдәурен» оқу-сауықтыру базасында облысымыздың жас педагогтеріне «Жас мамандардың кәсіби дамуы: білім берудегі жаңа тренд, жаңа көзқарас» тақырыбында форум өтті.

Екі күнге жалғасқан форумға облысымыздың әр аудан, қаладан 56 жас педагог және 8 жетекші жиналды. Форумның бірінші күні жас мамандарға энерджайзер, мотивациялық тренинг, миды дамытуға арналған жаттығулар және тимбилдинг ойындарымен басталды.

Сонымен қатар, галстуксыз кездесуде қатысушылар облыстық білім басқармасының басшысы Динара Жұмашевамен, «Мен қазақпын» жобасының жеңімпазы Алпысбек Оңайбаевпен және «Қазақстан барысы» турнирінің күміс жүлдегері Нұрдәулет Жарылғаповпен еркін форматта сұхбаттасты.

Форумның екінші күнінде «Үздік педагог-үздік тәжірбие» атты педагогикалық тәжірибе сағаты жоспарланды. Оның аясында жас мұғалімдердің рухани және шығармашылық шыңдалуына көмектесетін, табысты ұстаз болуға ықпалын тигізетін шеберлік сағаттары өткізілді. Бұл шара жас педагогтердің кәсіби тұрғыда тәжірибе алмасып, білім алуына сондай-ақ, жаңа орта қалыптастыруына септігін тигізді. Форум аясында мұғалімдердің цифрлық әлемдегі рөлі мен жаңа бағыттағы білім беру негіздері, ақпараттық коммункациялық технологиялардың жеке тұлға дамуындағы рөлі тәжірибе сағаттары аясында талқыланды. Эмоционалдық интеллектті дамытатын, кітап оқудың қажеттілігін түсіндіретін және кез-келген сабақты қызықты етудің тәсілдерін үйрететін шеберлік сабақтары болды.

Шара - ұйымдастырушылар мен жас мамандар арасындағы пленарлық отырыспен жалғасты. Онда тәжірибелі мамандар ұстаздар үшін табысқа қол жеткізудің жолдары мен болашақтың бәсекеге қабілетті дағдылары сияқты тақырыптар талқыланып, алдағы уақытта жас мамандардың тәжірибелі ұстаз болу жолында сәттілік тіледі. 

title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=


2024 жылғы 18 қаңтар күні мектепке дейінгі ұйым және бастауыш сынып педагогтеріне ...

Оқушылардың білім сапасын арттыру мәселесі бойынша педагогтерге әдістемелік ...

2024 жылғы 17 қаңтар күні Маңғыстау облыстық мектепке дейінгі ұйымдар мобильді ...

Білім берудің оқу- әдістемелік орталығының іс- шаралар жоспарына сәйкес, 2024 ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы оқушылардың позитивті қарым-қатынастары ...

Бүгін, 2024 жылғы 17 қаңтар күні Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары ...

2024 жылдың 16 қаңтар күні Ақтау қаласының №8 жалпы білім беретін мектебінде ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2024 жылға арналған іс-шаралар ...