Орталық жаңалықтары

«КӨРШІЛЕРГЕ КӨМЕК» АТТЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ

Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі оқытушылары мен студенттерінің бастауымен Ақтау қаласының бастауыш сынып оқушыларына арналған жылдық «Көршілерге көмек» атты қайырымдылық акциясы өтіп жатыр.

Акцияның мақсаты: ұзартылған топ сабақтарында балаларға өткен материалды меңгеруге және бекітуге мүмкіндік беру, аз қамтылған, көп балалы отбасылардың ата-аналарына көмек көрсету.

Ұзартылған күн тобының жұмысы мыналарды қамтиды:

үй тапсырмасын орындау;

шығармашылық және дамытушылық қызметтер;

кітап оқу;

қимыл-қозғалыс ойындар.

Аптасына 5 күн ұзартылған топқа сабақты қазақ және орыс тілдерінде «Бастауыш білім беру» мамандығының 3-4 курс студенттері, Ақтау қаласындағы 2-ші шағын ауданның 1-4 сынып оқушыларына жүргізеді.

Бүгінгі күні қазақ, орыс тілінде №5, №6 орта мектептерінің бастауыш сыныптарынан қосымша сабаққа 48 оқушы қатысып үй тапсырмаларын орындап, білім деңгейін арттыруда.

Бірінші ауысым сағат: 09:00 - 11:00 аралыгында қазақ, орыс тілдерінде екі топта 25 оқушы;

Екінші ауысым сағат: 14:00 - 16:00 аралыгында екі топта (қазақ, орыс) 23 оқушы қосымша сабаққа қатысады. 

title=title=title=title=title=title=title=


Авторлық материалдарды әзірлеу, сараптау және сүйемелдеу тәртібіне енгізілген ...

Авторлық материалдарды әзірлеу, сараптау және сүйемелдеу тәртібіне енгізілген ...

Облыстық «Математикалық прогрессия» байқауы өтті 2026 жылдың 27 ақпан күні ...

Бүгін Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 22.01.2026ж. №16-нқ бұйрығы ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2026 жылға арналған іс-шаралар ...

Маңғыстау облысы мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мобильді топтарының ...

2026 жылдың 25 ақпан күні Ақтау қаласында №35 «Балдырған» бөбекжайы базасында ...

Маңғыстау облысы әкімдігінің білім басқармасының Білім берудің ...

Маңғыстау облысы мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мобильді топтарының ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес, 2026 жылғы 23 ...