Орталық жаңалықтары

«Үздік кітап оқитын» мектеп анықталды

Бүгін, 15 ақпан күні жалпы білім беретін мектептердің кітапханаларының заманауи ақпараттық мәдениетін қалыптастыру, қызметін қолдау және ынталандыру мақсатында «Үздік кітап оқитын мектеп» облыстық байқауы ұйымдастырылды. Қашықтан өткізілген бұл байқауда аудандық, қалалық кезеңнен іріктелген 6 мектептің жұмысы қаралды.

Қатысушылар ұсынған ақпараттық анықтама мен кітапхана жұмысын иллюстрациялайтын бейнероликтерді, сондай-ақ қосымша ұсынылған мәліметтерді ескере отырып, белгіленген критерийлер бойынша байқау қорытындысы шығарылды. Үміткерлерге ZOOM қосымшасы арқылы сұрақтар қойылды.

Байқау нәтижесінде:

І орынды Қарақия ауданының №9 бастауыш мектебі (кітапханашысы – Таласбай Сағынқан Жетібайқызы),

ІІ орынды Бейнеу ауданының Күйкен жалпы білім беретін мектебі (кітапханашысы – Аманова Нұрсұлу),

ІІІ орынды Мұнайлы ауданының №10 жалпы білім беретін мектебі (кітапханашысы – Кульчикова Тамара Шараевна) иеленді.

Байқауға қатысушылардың барлығына сертификаттар табысталды.

Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз! 

title=title=title=title=title=title=


Ағымдағы жылдың 27 наурыз күні білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...

Ағымдағы жылдың 21 наурыз күні Маңғыстау облысының Жастар ресурстық орталығының ...

Маңғыстау облысының білім басқармасы «Орта білім беретін үздік ұйым» және ...

Республикалық «Дарынды балаларға - талантты ұстаз» олимпиадасына Маңғыстау ...

2025 жылдың 17 наурыз күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы іс-шаралар ...

Ағымдағы жылдың 14 наурыз күні, «Арнайы білім беру жүйесінде ұлттық құндылықтарды ...