Орталық жаңалықтары

Бейнеу ауданына жүргізілген мониторинг

Бейнеу ауданына жүргізілген мониторинг

Маңғыстау облысының білім басқармасының 14.10.2022жылғы №156нқ бұйрығына сәйкес «Бейнеу ауданындағы білім беру ұйымдарында мектепішілік бақылау мен басқаруға мониторинг жүргізу туралы» бұйрығына сәйкес Бейнеу ауданындағы білім беру процестерін жүзеге асырудың жай-күйін және нәтижелері мен шарттары өзгеруінің серпінін, білім алушылар контингентін, білім беру ұйымдары желісін, сондай-ақ олардың қызметі жетістіктерінің рейтингілік көрсеткіштерін жүйелітүрде байқау, талдау, бағалау және болжау мақсатында Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының мамандарынан құрылған мониторингтік жұмыс тобымен Маңғыстау облысының білім басқармасының басшысы Д. Жұмашева 2022 жылдың 19-21 қазан күндері іссапарда болып қайтты.

Іссапар барысында Бейнеу ауданының Төлеп елді мекенінің ардагер ұстазы Есентурлин Оңайбай ағай мен Бейнеу ауылының ардагер ұстазы Балұлы Бақыт ағайдың үйлеріне барып, ардагер ұстаздардың хал-жағдайларын біліп, Республика күні мерекесімен құттықтады.

Ардагер ұстаздарымыз тағылымға толы естелік әңгімелерін айтып, ризашылықтарын білдірді. Оңайбай ағай Білім басқармасының басшысы Д. Жұмашеваға «Құтты мекен – Үстіртім» кітабын сыйға тартты.

Мониторингтік жұмыс тобы Бейнеу аудандық білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының оқу ісі жөніндегі жəне тəрбие ісі жөніндегі орынбасарларына дөңгелек үстел өткізіп, мониторинг барысында кездескен кедергілерді жою, білім сапасын арттыру, PISA халықаралық зерттеуіне оқушыларды дайындау, білім беру ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану мақсатында əдістемелік көмек көрсетті. 

title=title=title=title=title=title=title=


Ағымдағы жылдың 27 наурыз күні білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...

Ағымдағы жылдың 21 наурыз күні Маңғыстау облысының Жастар ресурстық орталығының ...

Маңғыстау облысының білім басқармасы «Орта білім беретін үздік ұйым» және ...

Республикалық «Дарынды балаларға - талантты ұстаз» олимпиадасына Маңғыстау ...

2025 жылдың 17 наурыз күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы іс-шаралар ...

Ағымдағы жылдың 14 наурыз күні, «Арнайы білім беру жүйесінде ұлттық құндылықтарды ...