Облыстық «Алтын диск» олимпиадасы өткізілді
Облыстық білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, білім беруді ақпараттандыруды дамыту жағдайында информатиканы оқытудың инновациялық әдістері мен формаларын және педагогикалық идеяларды іздеу мақсатында 2024 жылдың 05 желтоқсан күні информатика пәні мұғалімдері арасында облыстық «Алтын диск» олимпиадасы өткізілді.
Олимпиадаға облысымыздағы жалпы білім беру ұйымдарының 6 информатика пәні мұғалімі қатысты.
Олимпиада 3 бағыттан тұрды. «Үздік ақпараттық оқыту технологиясы» тақырыбында презентация қорғады. Бағдарламалау тілдері бойынша есеп шығарды, YouTube каналында алдын-ала жарияланған бейнесабақтары бағаланды.
Қатысушыларға сабақта АКТ-ны тиімді қолдану бойынша әдістемелік көмек көрсетілді , олимпиада шартындағы есеп тапсырмаларынан түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Қазылар алқасының шешімімен:
Информатика пәнінен:
І орын – Бейнеу ауданы, Атамекен жалпы білім беретін мектебінің информатика пәні мұғалімі Акбаева Жанат Темиршиевна
ІІ орын – Жаңаөзен қаласы, №11 жалпы білім беретін мектебінің информатика пәні мұғалімі Оразалыева Гульмира Алдабергеновна
ІІІ орын – Ақтау қаласы, Н.Оңдасынов атындағы №5 жалпы білім беретін мектебінің информатика пәні мұғалімі Қожағалиева Гүлзат Көпбайқызы
Жеңімпаз мұғалімдерді құттықтай отырып, алдағы уақытта да шығармашылық табыс тілейміз!
Ағымдағы жылдың 27 наурыз күні білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...
Ағымдағы жылдың 21 наурыз күні Маңғыстау облысының Жастар ресурстық орталығының ...
Маңғыстау облысының білім басқармасы «Орта білім беретін үздік ұйым» және ...
Республикалық «Дарынды балаларға - талантты ұстаз» олимпиадасына Маңғыстау ...
2025 жылдың 17 наурыз күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы іс-шаралар ...
Ағымдағы жылдың 14 наурыз күні, «Арнайы білім беру жүйесінде ұлттық құндылықтарды ...
IV Ұлттық құрылтай отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше ...