Облыстық «Қобыз үні» қобызшылар байқауы
2024 жылы 14 ақпан күні білім берудің оқу-әдістемелік орталығының қолдауымен облыстық қосымша білім беру педагогтерінің қауымдастығының жоспарына сәйкес Жаңаөзен қаласы, Мұрат Өскінбаев атындағы балалар музыка мектебінде оқушылар арасында Ханшайым Балапашқызы атындағы облыстық «Қобыз үні» қобызшылар байқауы алғаш рет өткізілді.
Маңғыстау облысынан шыққан алғашқы қобызшы, ұстаз Ханшайым Балапашқызының еңбегін дәріптеу, дарынды оқушыларды дамыту және қолдау, олардың шығармашылық белсенділігін, кәсіби бағдарлануын ынталандыру мақсатында өткізілген байқауға балалар музыка және өнер мектептерінің оқушыларынан жас ерекшеліктеріне қарай 18 қобыз сыныбының оқушылары мен 3 өнер мектебінен ансамбльдер қатысты.
Алғаш рет өткізілген байқауға Ханшайым Балапашқызы қатысып, ұйымдастырушыларға өз лебізін білдіріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Қатысушылар берілген бағдарламалық талаптарға сәйкес, өз өнерлерін көрсетті. Нәтижесінде қазылар алқасы жас ерекшеліктеріне қарай жеңімпаздарды анықтап, білім берудің оқу-әдістемелік орталығының Дипломдарымен марапаттады.
Бас жүлде (Жоғары топ)
✅Қойлыбай Жанерке Сағындыққызы (Жаңаөзен қаласы М.Өскінбаев атындағы балалар музыка мектебі)
✅Ұстазы: Сатқанбаева Айсұлу Ракымжановна
✅Концертмейстер: Дабысбаева Айгуль Каржаубаевна.
І орын иегерлері:
Кіші топ бойынша
✅Талғат Айзада Алматқызы (Маңғыстау ауданы Балалар өнер мектебі)
✅Ұстазы: Қойсарина Ақелік Қомашабайқызы
✅Концертмейстер: Еркінбаева Гүлсінай Тағанбайқызы
Орта топ бойынша
✅Нурходжа Нұржамал (Ақтау қаласы А. Тарақұлы атындағы балалар өнер мектебі)
✅Ұстазы: Ербозова Гүлжамал Аманғалиқызы
✅Концертмейстер: Адашян Наира Спартаковна
Жоғары топ бойынша
✅Алимбетова Гаухар (Ақтау қаласы А. Тарақұлы атындағы балалар өнер мектебі)
✅Ұстазы: Нұрмашева Нұрила Рысбайқызы
✅Концертмейстер: Әбілбаев Нұрболат Ғайыпназарұлы
Ансамбль номинациясы бойынша:
✅«Қобыз сазы» ансамблі (Ақтау қаласы А. Тарақұлы атындағы балалар өнер мектебі)
✅Ұстазы: Нұрмашева Нұрила Рысбайқызы.
✅Концертмейстер: Әбілбаев Нұрболат Ғайыпназарұлы
Ағымдағы жылдың 27 наурыз күні білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...
Ағымдағы жылдың 21 наурыз күні Маңғыстау облысының Жастар ресурстық орталығының ...
Маңғыстау облысының білім басқармасы «Орта білім беретін үздік ұйым» және ...
Республикалық «Дарынды балаларға - талантты ұстаз» олимпиадасына Маңғыстау ...
2025 жылдың 17 наурыз күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы іс-шаралар ...
Ағымдағы жылдың 14 наурыз күні, «Арнайы білім беру жүйесінде ұлттық құндылықтарды ...
IV Ұлттық құрылтай отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше ...