Орталық жаңалықтары

Облыстық «Үздік аула клубы» байқауы

Ағымдағы жылдың 31 қазан күні облыстық «Үздік аула клубы» байқауы сырттай өткізілді.

Байқаудың мақсаты шығармашылықпен жұмыс жасайтын аула клубтарын қолдау және дамыту.

Облыстық байқауға аудан, қалалардан қосымша білім беру ұйымдары жанындағы барлығы 5 аула клубының жұмысы келіп түсті.

Аула клубтың ұйымдастырушы педагогтері диаграмма және статистикалық деректерді көрсету арқылы өз аула клубтарын таныстырып, оқушыларды қосымша білімге тарту, қосымша білім берудің маңыздылығы мен тәрбие процесін ұйымдастырудағы педагогикалық шеберліктері мен «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының орындалысы аясындағы жұмыстарын көрсетті.

Облыстық іріктеу кезеңінің қорытындысында:

І орын - Бейнеу ауданы,Құлшар Бақтыбайұлы атындағы Бейнеу өнер мектебі жанындағы «Сам» аула клубы;

ІІ орын - Мұнайлы ауданы, Өнер балалар мектебі жанындағы «Басқұдық» аула клубы;

ІІІ орын - Ақтау қаласы, Оқушы орталығы жанындағы «Тұлпар» аула клубы иеленді.

Жеңімпаздар білім берудің оқу-әдістемелік орталығының арнайы дипломдарымен марапатталды.

Сілтемесі: https://www.facebook.com/share/p/14T9bkGRRT/

 



Ағымдағы жылдың 27 наурыз күні білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...

Ағымдағы жылдың 21 наурыз күні Маңғыстау облысының Жастар ресурстық орталығының ...

Маңғыстау облысының білім басқармасы «Орта білім беретін үздік ұйым» және ...

Республикалық «Дарынды балаларға - талантты ұстаз» олимпиадасына Маңғыстау ...

2025 жылдың 17 наурыз күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы іс-шаралар ...

Ағымдағы жылдың 14 наурыз күні, «Арнайы білім беру жүйесінде ұлттық құндылықтарды ...

IV Ұлттық құрылтай отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше ...