Сүйінші жаңалық!
Сүйінші жаңалық!
Бүгін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай өткен республикалық байқауларда 3 бірдей маңғыстаулық қатысушының қанжығасы майланды!
Үстіміздегі жылдың маусым-қыркүйек айлары аралығында Қазақстан халқының барлық жастағы этнос өкілдері арасында өткен «Мен қазақша сөйлеймін» республикалық акциясына елімізден 30 өзге ұлт өкілінен тұратын 171 адам қатысты. Қатысушылар ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының шығармаларынан жатқа мәнерлеп үзінді оқып, бейнематериалды әлеуметтік желіде (facebook) #менқазақшасөйлеймін2022 хештегімен жариялады.
Акция жеңімпаздары бейнематериал астындағы «лүпіл» (лайк) саны бойынша анықталып, Маңғыстаудан екі бірдей этнос өкілі жеңімпаз атанды. Оның бірі – Мұнайлы ауданы, Басқұдық ауылдық мәдениет үйінің әдіскері Гасангусейнова Виктория (ұлты рутул) бас жүлдені, ал Мұнайлы ауданы, №7 жалпы білім беретін мектептің 7 Ғ сынып оқушысы Халиулина Ұлболсын (жетекшісі: Эсетова Қазына) І орынды иеленді.
Ал бүгін Қарағанды қаласы, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде өткен республикалық «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» байқауына еліміздің түпкір-түпкірінен медицина саласы қызметкерлері мен медицина колледжі студенттерінен 17 өзге ұлт өкілі қатысты. Өлкеміздің намысын қорғаған 16 жасар ең жас қатысушы Маңғыстау облыстық медициналық жоғарғы колледжінің І курс студенті Асадбек Турсынбаев (жетекшісі: Ғайнижамал Түменбаева) 50 мың теңгелік ынталандыру сыйлығына ие болды.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Ағымдағы жылдың 27 наурыз күні білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...
Ағымдағы жылдың 21 наурыз күні Маңғыстау облысының Жастар ресурстық орталығының ...
Маңғыстау облысының білім басқармасы «Орта білім беретін үздік ұйым» және ...
Республикалық «Дарынды балаларға - талантты ұстаз» олимпиадасына Маңғыстау ...
2025 жылдың 17 наурыз күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы іс-шаралар ...
Ағымдағы жылдың 14 наурыз күні, «Арнайы білім беру жүйесінде ұлттық құндылықтарды ...