ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗДАР ҰЛЫҚТАЛДЫ
Бүгін, 3 қазан күні Мұғалімдер күні мерекесіне орай «Мың алғыс саған, Ұстазым!» салтанатты шарасы өтті.
Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары З.Есбергенова, мемлекеттік орган басшылары мен мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес төрағасы, облыс педагогтері, ардагер ұстаздар, білім беру ұйымдарының басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.
Салтанатты жиында бірқатар ұстаздар «Еңбек ардагері» және «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгілерімен, «Орта білім беру ісінің үздігі» және «Техникалық және кәсіптік білім беру ісінің үздігі» құрмет дипломдарымен, Маңғыстау облысы әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.
Сонымен қатар Маңғыстау облысының білім беру жүйесін дамытуға ерекше үлес қосқаны үшін ұстаздарды көтермелеу мақсатында облыс әкімінің қаулысымен жетістіктері жоғары мұғалімдерге 12 номинация бойынша облыс әкімінің «Маңғыстау облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісі мен 500 000 теңге көлемінде бір жолғы сыйақы табысталды.
Сондай-ақ, бірқатар ұстаздарға қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының «Сосновый бор» шипажайына жолдамалары тапсырылды.
Мереке қарсанында облыс әкімінің атынан ардагер ұстаздарға құттықтау хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.
Ағымдағы жылдың 27 наурыз күні білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...
Ағымдағы жылдың 21 наурыз күні Маңғыстау облысының Жастар ресурстық орталығының ...
Маңғыстау облысының білім басқармасы «Орта білім беретін үздік ұйым» және ...
Республикалық «Дарынды балаларға - талантты ұстаз» олимпиадасына Маңғыстау ...
2025 жылдың 17 наурыз күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы іс-шаралар ...
Ағымдағы жылдың 14 наурыз күні, «Арнайы білім беру жүйесінде ұлттық құндылықтарды ...