Орталық жаңалықтары

Үздік колледж Президенті анықталды

Ағымдағы жылдың 8 желтоқсаны күні білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-қимыл жоспарына сәйкес, ТжКБ ұйымдарының белсенді студенттерінің арасында «Үздік колледж Президенті» облыстық сырттай байқауы өткізілді.

Білім алушылардың шығармашылық бастамаларын дамыту және ынталандыру мақсатында өткен байқауға 11 колледж өтінім ұсынды. Қазылар алқасы ереже критерийлеріне сәйкес ұсынылған жұмыстарды қарап, бағалады.

Нәтижесінде, байқау төмендегіше қорытындыланды:

І орын – Жанов Ізберген «Каспий» жоғары педагогика және салалық технологиялар колледжінің студенті;

ІІ орын: Бақытбекова Эльнара, Қарақия кәсіптік колледжінің студенті;

ІІІ орын: Исмагулов Нұрлыбек, Бейнеу гуманитарлық колледжінің студенті;

ІІІ орын: Аманғали Серікқали, Бейнеу политехникалық колледжінің студенті;

ІІІ орын: Сарсенбаев Саят, Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінің студенті.

Жеңімпаздарды жүлделі орындарымен құттықтаймыз! 

title=title=


Ағымдағы жылдың 27 наурыз күні білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...

Ағымдағы жылдың 21 наурыз күні Маңғыстау облысының Жастар ресурстық орталығының ...

Маңғыстау облысының білім басқармасы «Орта білім беретін үздік ұйым» және ...

Республикалық «Дарынды балаларға - талантты ұстаз» олимпиадасына Маңғыстау ...

2025 жылдың 17 наурыз күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы іс-шаралар ...

Ағымдағы жылдың 14 наурыз күні, «Арнайы білім беру жүйесінде ұлттық құндылықтарды ...