Десанттық сабақтар өтті
2026 жылғы 7 қазан күні Ақтау қаласындағы №17 жалпы білім беретін мектебінде Маңғыстау облысы білім басқармасының 2026 жылғы 30 қыркүйектегі №173 бұйрығына сәйкес, республикалық кезеңге жолдама алған педагогтерге кәсіби қолдау көрсету мақсатында десанттық сабақтар өтті.
Сабақтарға қатысу барысында ұстаздардың оқу үдерісін ұйымдастыруы, сабақ құрылымы, мазмұны, қолданған әдіс-тәсілдері мен білім алушылардың оқу белсенділігі сараланды.
Сонымен қатар, педагогтерге сабақтарды тиімді жоспарлау, заманауи педагогикалық технологияларды орынды қолдану, оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігін арттыру, қалыптастырушы бағалауды жетілдіру бағыттары бойынша нақты ұсыныстар берілді.
Десанттық сабақтардың мақсаты – педагогтердің кәсіби әлеуетін арттыру, тәжірибеде кездесетін қиындықтарды анықтап, оларды шешудің тиімді жолдарын көрсету және республикалық кезеңге жан-жақты дайындық жасау.
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2025 жылға арналған іс-шаралар ...
Ақтауда TurkicSkills 2025 халықаралық кәсіби шеберлік чемпионаты басталды Жұмысшы ...
Бүгін, 3 қазан күні Ақтау қаласында Ұстаздар күніне орай салтанатты шара өтті. ...
Астана қаласында Ұстаздар күні қарсаңында өткен шарада Бейнеу ауданының Опорный ...
Марапатталушылардың қатарынан табылған өлкеміздің өнегелі ұстазы, елге қызмет ...
Аталған шараға қатысушылар аудан, қала бойынша білім беру ұйымдары директорының ...
2025 жылдың 25 қыркүйегінде Маңғыстау облысының білім басқармасының қолдауымен ...
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, ...
Ағымдағы жылдың 23 қыркүйек күні Қосымша білім беру педагогтері қауымдастығының ...
«Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан ...




__ee5cf81a6e789f543435548230eaebf9.jpg)












