Орталық жаңалықтары

Ауыл ұстазы – ел абыройы

Астана қаласында Ұстаздар күні қарсаңында өткен шарада Бейнеу ауданының Опорный жалпы білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі, шебер педагог Жиенбетова Қарқара Кенесарықызы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

Бұл жоғары марапат – ауыл ұстазының табанды еңбегіне, өскелең ұрпаққа деген шынайы жанашырлығына көрсетілген құрмет.

Атаулы марапатты Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызы табыстады.

Қарқара Кенесарықызы 38 жыл еңбек жолында мыңдаған шәкіртке сапалы білім беріп қана қоймай, жас мамандарға тәлімгерлік жасап, ұстаздық жолдың абыройы мен жауапкершілігін терең ұғындырып келеді.

Ауыл мектебінде үздіксіз еңбек етіп, саналы ғұмырын жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруге арнаған ұстазды марапатымен шын жүректен құттықтай отырып, деніне саулық, отбасына амандық, шығармашылық табыс тілейміз. 

title=title=title=


"МЕКТЕПТЕГІ БІЛІМ САПАСЫН БАСҚАРУ: СТРАТЕГИЯДАН ПРАКТИКАҒА" семинарының үшінші ...

Нысаналы мектептердің директорлары мен орынбасарларына арналған "МЕКТЕПТЕГІ ...

Бүгін "943 - елдің нысаналы мектептерін дамыту" жобасы аясында нысаналы ...

2024 жылдың 19-шы қыркүйегінде Облыстық білім берудің оқу-әдістемелік орталығы ...

Кәмелетке толмаған бала нені білуі керек? Егер Сіз балалар тарапына жасалған ...

2024 жылғы 13 қыркүйек күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...

2024 жылдың 13 қыркүйек күні «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ...

Бүгін Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2024 жылға арналған іс-шаралар ...

Бүгін, ағымдағы жылғы 12 қыркүйек күні техникалық және кәсіптік, орта білімнен ...