Орталық жаңалықтары

Облыстық «Химиялық континуум» олимпиадасы өтті.

2026 жылдың 24 сәуір күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес Ақтау қаласындағы «Tanym school» жекеменшік мектебінің базасында химия пәні мұғалімдеріне арналған «Химиялық континуум» олимпиадасының облыстық кезеңі өтті.

Олимпиадаға Ақтау, Жаңаөзен қалалары, Бейнеу, Маңғыстау, Мұнайлы, Түпқараған аудандарынан және облыстық мектептерден барлығы 8 команда қатысты.

Қатысушылар 4 сағат ішінде 25 стандарттық және 5 олимпиадалық есепті орындады.

Іс-шара барысында қатысушыларға орындалған тапсырмалар бойынша кері байланыс беріліп, әдістемелік қолдау көрсетілді.

Қазылар алқасы төмендегідей шешім шығарды:

І орын – Ақтау қаласының құрама «Open Chem» командасы:

Копжасар Аль-Фараби Талгатұлы – «AIS» халықаралық мектебінің химия пәні мұғалімі;

Жақсылықова Альбина Әділбекқызы – IT мектеп-лицейінің химия пәні мұғалімі;

Аманғалиев Нұрбол Нұрланұлы – Т. Айбергенов атындағы №19 мектеп-гимназиясының химия пәні мұғалімі;

Жаулыбаева Малике Раматуллақызы – №10 жалпы білім беретін мектептің химия пәні мұғалімі.

ІІ орын – Бейнеу ауданының құрама «Be-Au-Ti-Ful» командасы:

Қалтыбаева Жазира Бисенбайқызы – Сам жалпы білім беретін мектептің химия пәні мұғалімі;

Алмағанбетова Тилектес Исатайқызы – Абай атындағы жалпы білім беретін мектептің химия пәні мұғалімі;

Аманғалиева Фариза Жалғасбайқызы – «Атамекен» жалпы білім беретін мектептің химия пәні мұғалімі;

Қошимова Құрбанкүл Өміршиевна – Ә. Жангелдин атындағы жалпы білім беретін мектептің химия пәні мұғалімі.

ІІІ орын – Маңғыстау облысының білім басқармасына қарасты облыстық мектептердің құрама «ASU» командасы:

Мұсабай Медеу – Жаңаөзен «Білім-инновация» лицей-интернатының химия пәні мұғалімі;

Мұратова Ұлдай Мейрамқызы – дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернаттың химия пәні мұғалімі;

Бекбулат Қайсар Радикұлы – «Білім-инновация» лицей-интернатының химия пәні мұғалімі;

Рүстембек Төрехан Темірбекұлы – «Білім-инновация» лицей-интернатының химия пәні мұғалімі.

Жеңімпаз мұғалімдерді құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілейміз! 

title=title=title=title=title=title=title=title=


2025 жылдың 23 сәуір күні Маңғыстау облыстық білім басқармасының 21.04.2025 жылғы №99-нқ ...

2025 жылы 23 сәуір күні, Маңғыстау туризм колледжінде “Жұмысшы мамандықтары туралы ...

Білім басқармасының іс-шаралар жоспарына сәйкес 2025 жылғы 15 сәуір күні №25744 ...

2025 жылғы 31 наурыз күні «Оқушылар сарайында» Worldskills Aktau-2025 Х өңірлік кәсіби ...

2025 жылғы 27-28 наурыз күндері Астана қаласында өткен республикалық «Алтын тұғыр» ...

2025 жылдың 27-28 наурыз күндері білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...

Ағымдағы жылдың 27 наурыз күні білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...

Ағымдағы жылдың 21 наурыз күні Маңғыстау облысының Жастар ресурстық орталығының ...