«Балдәурен» бөбекжайына әдістемелік көмек көрсетілді.
2023 жылғы 16 наурыз күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, Маңғыстау ауданы білім бөліміне қарасты Сайөтес ауылындағы «Балдәурен» бөбекжайына әдістемелік көмек көрсетілді.
Білім беру үдерісінде қолданыстағы технологияларын, әдістерін, құралдарын жетілдіру мақсатында - әдістемелік көмек тобы бөбекжай педагогтеріне (тәрбиеші құжаттарының жаңа бағдарлама бойынша жасақталуы, басшылық пен басқару талаптары бағыттарында жасалатын жұмыстар, құжаттарды ресімдеу бойынша) кеңестер беріп, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Практикалық бөлімінде бөбекжайдың техникалық-базалық жағдайымен танысып, заттық-дамытушы орталықтарды жасақтаудың тиімді жолдарын көрсетіп, бөбекжайдағы жиһаздарды орналастыру бағыттарында ұсыныстар айтты.
Сауалнама арқылы жүргізілген жұмыстар бойынша кері байланыс жасалды. Бөбекжай педагогтері әдістемелік көмек тобына ризашылығын білдірді.
2023 жылдың 20-22 қыркүйек күндері "Айрық" қоғамдық қоры мен орталықтың бірлескен ...
2023 жылдың 22 қыркүйек күні Мұнайлы ауданы, Шоғы Мұңалұлы атындағы №5 жалпы білім ...
2023 жылғы 21 қыркүйек күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар ...
Бүгін облыстық «Зорлық-зомбылықтың және аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын ...
2023 жылдың 19 қыркүйек күні «Зорлық-зомбылықтың және аутодеструктивті ...
11-22 қыркүйек аралығында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық ...
Ағымдағы жылдың 18 қыркүйек күні директордың тәрбие ісі жөніндегі ...
2023 жылдың 18 қыркүйек күні Бейнеу ауданында «Зорлық-зомбылықтың және ...
«Балаларды ерте дамыту» институтының іс-шаралар жоспарына сәйкес 2023 жылғы 15 ...