Орталық жаңалықтары

Десанттық сабақтар өтті

2026 жылғы 7 қазан күні Ақтау қаласындағы №17 жалпы білім беретін мектебінде Маңғыстау облысы білім басқармасының 2026 жылғы 30 қыркүйектегі №173 бұйрығына сәйкес, республикалық кезеңге жолдама алған педагогтерге кәсіби қолдау көрсету мақсатында десанттық сабақтар өтті.

Сабақтарға қатысу барысында ұстаздардың оқу үдерісін ұйымдастыруы, сабақ құрылымы, мазмұны, қолданған әдіс-тәсілдері мен білім алушылардың оқу белсенділігі сараланды.

Сонымен қатар, педагогтерге сабақтарды тиімді жоспарлау, заманауи педагогикалық технологияларды орынды қолдану, оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігін арттыру, қалыптастырушы бағалауды жетілдіру бағыттары бойынша нақты ұсыныстар берілді.

Десанттық сабақтардың мақсаты – педагогтердің кәсіби әлеуетін арттыру, тәжірибеде кездесетін қиындықтарды анықтап, оларды шешудің тиімді жолдарын көрсету және республикалық кезеңге жан-жақты дайындық жасау. 

title=title=title=


2025 жылғы 20 мамырда “Жұмысшы мамандықтар жылы” жоспарына сәйкес, Х.Өзбекғалиев ...

Колледж педагогтері кәсіби дағдыларын сынға салды «Жұмысшы мамандықтар ...

ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Маңғыстау облысына жұмыс сапары ...

2025 жылғы 19 мамырда Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының және Жаңаөзен ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес ...

Бүгін, 16 мамыр күні орталықтың 2025 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес ...

Маңғыстау облысының білім басқармасының 2025 жылғы 6 мамырдағы №109-нқ бұйрығы ...

Бүгін, 15 мамыр күні «Маңғыстау облысының білім беру ұйымдарында білім сапасын ...

Ағымдағы жылдың 15 мамыр күні мектепке дейінгі білім беру ұйымдары ...