Орталық жаңалықтары

«Үздік кітап оқитын» мектеп анықталды

Бүгін, 15 ақпан күні жалпы білім беретін мектептердің кітапханаларының заманауи ақпараттық мәдениетін қалыптастыру, қызметін қолдау және ынталандыру мақсатында «Үздік кітап оқитын мектеп» облыстық байқауы ұйымдастырылды. Қашықтан өткізілген бұл байқауда аудандық, қалалық кезеңнен іріктелген 6 мектептің жұмысы қаралды.

Қатысушылар ұсынған ақпараттық анықтама мен кітапхана жұмысын иллюстрациялайтын бейнероликтерді, сондай-ақ қосымша ұсынылған мәліметтерді ескере отырып, белгіленген критерийлер бойынша байқау қорытындысы шығарылды. Үміткерлерге ZOOM қосымшасы арқылы сұрақтар қойылды.

Байқау нәтижесінде:

І орынды Қарақия ауданының №9 бастауыш мектебі (кітапханашысы – Таласбай Сағынқан Жетібайқызы),

ІІ орынды Бейнеу ауданының Күйкен жалпы білім беретін мектебі (кітапханашысы – Аманова Нұрсұлу),

ІІІ орынды Мұнайлы ауданының №10 жалпы білім беретін мектебі (кітапханашысы – Кульчикова Тамара Шараевна) иеленді.

Байқауға қатысушылардың барлығына сертификаттар табысталды.

Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз! 

title=title=title=title=title=title=


2023 жылдың 14-15 қыркүйек күндері Оқу-ағарту министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы ...

2023 жылдың 13 қыркүйек күні 2023 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, ...

«Қазақшаң қалай, балақай?» байқауының облыстық кезеңі өтті «Балаларды ерте ...

2023 жылғы 08 қыркүйек күні оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына ...

2023 жылдың 11 қыркүйек күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар ...

2023-2024 оқу жылындағы Маңғыстау облысының меншік түріне қарамастан білім беру ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен орта, арнайы, ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шара жоспарына сәйкес 07.09.2023 жылы ...

Ағымдағы жылдың 6 қыркүйек күні Ақтау, Жаңаөзен қалаларының және Бейнеу, Қарақия ...

Бүгін, 1 қыркүйек күні облысымыздағы барлық жалпы білім беру ұйымдарында алғашқы ...