Ауыл ұстазы – ел абыройы
Астана қаласында Ұстаздар күні қарсаңында өткен шарада Бейнеу ауданының Опорный жалпы білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі, шебер педагог Жиенбетова Қарқара Кенесарықызы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Бұл жоғары марапат – ауыл ұстазының табанды еңбегіне, өскелең ұрпаққа деген шынайы жанашырлығына көрсетілген құрмет.
Атаулы марапатты Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызы табыстады.
Қарқара Кенесарықызы 38 жыл еңбек жолында мыңдаған шәкіртке сапалы білім беріп қана қоймай, жас мамандарға тәлімгерлік жасап, ұстаздық жолдың абыройы мен жауапкершілігін терең ұғындырып келеді.
Ауыл мектебінде үздіксіз еңбек етіп, саналы ғұмырын жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруге арнаған ұстазды марапатымен шын жүректен құттықтай отырып, деніне саулық, отбасына амандық, шығармашылық табыс тілейміз.
Білім басқармасының 2024 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, 10 мамыр күні ...
2024 жылғы 10 мамыр күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының жылдық жоспары ...
Білім берудің оқу әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес 2024 ...
2024 жылғы 4 мамыр күні ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитетінің ...
2024 жылдың 3 мамыры күні О. Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды ...
Бүгін, 3 мамыр күні Қарақия ауданы бойынша тәрбие бағытындағы (директордың ...
2024 жылдың 3 мамыр күні Бейнеу ауданы бойынша тәрбие бағытындағы (директордың ...
Бүгін, 2 мамыр күні Жаңаөзен қаласы бойынша тәрбие бағытындағы (директордың ...
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2024 ...
Бүгін, ағымдағы жылғы 30 сәуір күні «Worldskills стандарттары негізінде кәсіби ...