Орталық жаңалықтары

«КӨРШІЛЕРГЕ КӨМЕК» АТТЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ

Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі оқытушылары мен студенттерінің бастауымен Ақтау қаласының бастауыш сынып оқушыларына арналған жылдық «Көршілерге көмек» атты қайырымдылық акциясы өтіп жатыр.

Акцияның мақсаты: ұзартылған топ сабақтарында балаларға өткен материалды меңгеруге және бекітуге мүмкіндік беру, аз қамтылған, көп балалы отбасылардың ата-аналарына көмек көрсету.

Ұзартылған күн тобының жұмысы мыналарды қамтиды:

үй тапсырмасын орындау;

шығармашылық және дамытушылық қызметтер;

кітап оқу;

қимыл-қозғалыс ойындар.

Аптасына 5 күн ұзартылған топқа сабақты қазақ және орыс тілдерінде «Бастауыш білім беру» мамандығының 3-4 курс студенттері, Ақтау қаласындағы 2-ші шағын ауданның 1-4 сынып оқушыларына жүргізеді.

Бүгінгі күні қазақ, орыс тілінде №5, №6 орта мектептерінің бастауыш сыныптарынан қосымша сабаққа 48 оқушы қатысып үй тапсырмаларын орындап, білім деңгейін арттыруда.

Бірінші ауысым сағат: 09:00 - 11:00 аралыгында қазақ, орыс тілдерінде екі топта 25 оқушы;

Екінші ауысым сағат: 14:00 - 16:00 аралыгында екі топта (қазақ, орыс) 23 оқушы қосымша сабаққа қатысады. 

title=title=title=title=title=title=title=


2023 жылдың 13 сәуір күні «Шыңдалу» мектебінің жоспарына сәйкес, қазақ тілі мен ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2023 ...

Бүгін, ағымдағы жылдың 12 сәуірі күні Шымкент қаласы әдістемелік орталығының ...

Білім берудің оқу әдістемелік орталығы мен Маңғыстау өнер колледжі ...

Облыстық «BELES» биология пәні мұғалімдерінің қауымдастығының «Биологияда ...

2023 жылдың 7 сәуір күні Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының 2023 жылғы 10 ...

2023 жылдың 7 сәуір күні облыстық «Баланың басты ұстазы ата-ана» тақырыбында ...

Ағымдағы жылдың 7 сәуір күні облыстық «Баланың басты ұстазы ата-ана» тақырыбында ...

Ағымдағы жылдың 6 сәуір күні облыстық «Баланың басты ұстазы ата-ана» тақырыбында ...

Облыстық «Баланың басты ұстазы ата-ана» тақырыбында ата-аналарға арналған ашық ...