Орталық жаңалықтары

ОБЛЫСТЫҚ ЖҮРМЕЛІ СЕМИНАР

2023 жылдың 19 қыркүйек күні «Зорлық-зомбылықтың және аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алуда бала психологиясының қалыптасу негіздері» тақырыбындағы облыстық жүрмелі семинарымыз Жаңаөзен қаласында өз жалғасын тапты.

Семинар мақсаты: Білім беру ұйымдарында психологиялық қызметті тиімді ұйымдастыру, зорлық-зомбылықтың алдын алуда, бала психологиясының даму кезеңдерін психоанализ бағытында талдауды жетілдіру.

Іс-шараға жалпы білім беру ұйымдарының директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтер, әлеуметтік педагогтер (70-ке жуық маман) қатысты.

Жаңаөзен қаласы бойынша оқу-әдістемелік орталығының психология бойынша әдіскері Умарбаева Нұргүл Мұсақызы қатысушыларды семинардың тақырыбымен және мақсатымен таныстырып өтті.

Психологиялық қолдау бөлімінің жетекшісі Қойтанова Ғалия Күмбетбайқызы

- «Білім беру ұйымдарындағы зорлық-зомбылықты алдын алуда психологиялық қызметті ұйымдастыру» тақырыбымен және Арнаулы білім беру ұйымының педагог-психологы Көкебаева Назерке Амантайқызы

- «Тұлға дамуының психоанализ бағытындағы даму кезеңдері» тақырыптарында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Шара соңында жалпы білім беру ұйымдарының мамандары QR код арқылы кері байланыстарын жасап, алғыстарын білдірді. 



Облыстық «Баланың басты ұстазы ата-ана» тақырыбында ата-аналарға арналған ашық ...

2023 жылдың 4 сәуір күні Жаңаөзен қаласында жүрмелі «Баланың басты ұстазы ата-ана» ...

2023 жылдың 06 сәуір күні облыстық Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...

2023 жылғы 5-6 сәуірде ZOOM платформасында «Серіктес топтардың: қала, ауыл ...

«Шығармашылық шыңы» тақырыбында облыстық семинар өтті. 2023 жылдың 31 наурыз ...

Ағымдағы жылдың 31 наурызы күні Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау ...

2023 жылдың 31 наурыз күні облыстық білім беру оқу-әдістемелік орталығының ...

2023 жылғы 30 наурыз күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар ...

«Ағылшын тілі пәні мұғалімдері қауымдастығының» жоспарына сәйкес 2023 жылдың 30 ...

2023 жылдың 28 наурыз күні Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ...