Орталық жаңалықтары

Ауыл ұстазы – ел абыройы

Астана қаласында Ұстаздар күні қарсаңында өткен шарада Бейнеу ауданының Опорный жалпы білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі, шебер педагог Жиенбетова Қарқара Кенесарықызы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

Бұл жоғары марапат – ауыл ұстазының табанды еңбегіне, өскелең ұрпаққа деген шынайы жанашырлығына көрсетілген құрмет.

Атаулы марапатты Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызы табыстады.

Қарқара Кенесарықызы 38 жыл еңбек жолында мыңдаған шәкіртке сапалы білім беріп қана қоймай, жас мамандарға тәлімгерлік жасап, ұстаздық жолдың абыройы мен жауапкершілігін терең ұғындырып келеді.

Ауыл мектебінде үздіксіз еңбек етіп, саналы ғұмырын жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруге арнаған ұстазды марапатымен шын жүректен құттықтай отырып, деніне саулық, отбасына амандық, шығармашылық табыс тілейміз. 

title=title=title=


2024 жылдың 6 наурыз күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар ...

«Қос қанатым-поэзия, музыка» атты әдеби сазды кеші өтті 5 наурыз күні Ақтау ...

Бүгін білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2024 жылға арналған іс-шаралар ...

Білім берудің оқу әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес 2024 ...

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен және Маңғыстау облыстық әкімдігінің ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, ...

2024 жылғы 26 ақпан күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының жылдық жоспары негізінде 2024 жылғы 26 ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2024 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес ...

Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, мұғалім тұлғасының шығармашылық ...