Орталық жаңалықтары

«Әкелер мектебі» жобасы

Отбасылық құндылықтарды сақтау, әкелердің бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, ата-аналардың жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын ұйымдастырудағы рөлін арттыру, балалардың патриоттық сезімдерін арттыру және ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында облыстағы 35 білім беру ұйымдарында (23 ЖББҰ, 12 ТжКББҰ) «Әкелер мектебі» жобасы іске асырылуда.

Жоба тәрбие процесін ұйымдастыруда және басқаруда білім беру ұйымдарына көмек көрсету, отбасылық тәрбиенің жақсы жақтарын, құндылықтарын насихаттау, өскелең ұрпақты тәрбиелеуде және білім беру мекемелерінде балалардың қауіпсіздігін сақтау шараларын ұйымдастыру секілді міндеттерді шешуде маңызды рөл атқарады.

Жобалардың жылдық жоспары жасақталып, жоспар бойынша түрлі іс-шаралар өткізіліп, оқушылар мен студенттердің бос уақыты тиімді ұйымдастырылуда.

Аталған іс-шаралар отбасы мүшелерінің ынтымақтастығы, құқық бұзушылықтың алдын алуда маңызы зор. Жоба аясында шаралар өз жалғасын табады. 

title=title=title=title=


Құрметті ұстаздар, «Жаңашыл мұғалім-2023» республикалық байқауына жұмыстарды ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс – шаралар жоспарына сәйкес, 2023 ...

2023 жылдың 30 қаңтар күні ҚР халық ағарту ісінің үздігі, «Құрмет белгісі» орденді ...

2023 жылдың 30 қаңтар күні онлайн форматта облыстық семинар өтті. Мақсаты: қазіргі ...

"Мектепке дейінгі жастағы балаларға тәрбие мен білім беру үрдісінде ұлттық ...

Құрметті әріптестер! Алтынсарин академиясы «Білім» (ғылыми-педагогикалық) және ...

2023 жылдың 20 қаңтар күні «Onlain repetitor» жобасы өз жұмысын бастады. Облыстық ...

Telegram каналында аптасына бір олимпиада есебі беріліп, белгілі бір уақытқа дейін ...

2023 жылдың 23 қаңтар күні Ақтау қаласындағы И.Сүйеубаев атындағы №8 жалпы білім ...

Білім басқармасының 2022 жылдың 20 желтоқсандағы техникалық және кәсіптік білім ...