Орталық жаңалықтары

«TIMS халықаралық білім сапасын бағалау жөнінде зерттеулер аясында бастауыш сынып оқушыларының функционалды сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Білім берудің оқу әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес 2024 жылғы 22-мамыр күні Ақтау қаласы, Н.Марабаев атындағы №7 жалпы білім беретін мектепте бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «TIMS халықаралық білім сапасын бағалау жөнінде зерттеулер аясында бастауыш сынып оқушыларының функционалды сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Семинардың мақсаты: педагогтердің үздіксіз кәсіби өсуіне қолдау көрсету және оқушылардың оқу сауаттылығын, функционалдық сауаттылығын арттыру, жаңа тың идеялардан туындаған тиімді әдіс-тәсілді меңгертіп, білім сапасын көтеру. Семинарда Ақтау қаласы, Н.Марабаев атындағы №7 мектеп- лицейінің педагог- зерттеуші санатындағы бастауыш сынып мұғалімдері:

Галиева Менгуль Загировна Презентация::«Задания TIMS как средство развития функциональной грамотности по математике»;

Макарова Рамела Франсовна Презентация:«Задания TIMS как средство развития функциональной грамотности по естествознанию»;

Көшербаева Гүлмаржан АрысқызыПрезентация:«Бастауыш сынып оқушыларының математикалық білім жетістігін бағалау, TIMS бағдарламасын қолдану»;

Түпқараған ауданы, С.Шапағатов гимназиясы және Ғ.Айдаров атындағы мектеп- лицейінің бастауыш сыныптар бойынша оқу-ісі меңгерушілері:

Шаған Зауре Амандыққызы Презентация: « ТIMS тапсырмалары арқылы оқушылардың сауаттылығын арттыру жолдары»;

Космбаева Маржан Тынышпаевна Презентация: «Логикалық есептер арқылы математикалық сауаттылықты қалыптастыру»;

Жаңаөзен қаласы, Жаңаөзен мектеп – гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі,педагог- зерттеуші Шумекеева Балжан Сұлтанқызы Презентация: «TIMSS бағдарламасы тапсырмаларын сабақта қолдану арқылы 4 сыныпта жаратылыстанудан "Дыбыс" тақырыбын оқыту» тақырыбында әдіс- тәжірибелерімен бөлісті.

Семинарға облыс көлемінен 45 педагог қатысып тәжірибе жинады. Семинар соңында кері байланыс жасалып ,сауалнама алынды.Қатысушылар өз пікірлерін білдірді. 

title=title=


Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта, қосымша, арнайы, техникалық және ...

...

Бүгін, 7 тамыз күні балалар мен жасөпірімдердің тәрбиесіне қоғамның назарын ...

2024 жылдың 19-21 маусым күндері білім беру ұйымдарындағы 2024-2025 оқу жылында жүзеге ...

Бүгін, 2024 жылғы 30 мамыр күні Жаңаөзен политехникалық колледжінде білім берудің ...

2024 жылғы 28 мамыр күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...

2024 жылғы 28 мамыр күні мектепке дейінгі ұйым қауымдастығының 2024 жылғы іс-шаралар ...

2024 жылдың 27 мамыр күні «Mediana Services Limited» ЖШС орталығында қосымша білім беру ...