Орталық жаңалықтары

«КӨРШІЛЕРГЕ КӨМЕК» АТТЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ

Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі оқытушылары мен студенттерінің бастауымен Ақтау қаласының бастауыш сынып оқушыларына арналған жылдық «Көршілерге көмек» атты қайырымдылық акциясы өтіп жатыр.

Акцияның мақсаты: ұзартылған топ сабақтарында балаларға өткен материалды меңгеруге және бекітуге мүмкіндік беру, аз қамтылған, көп балалы отбасылардың ата-аналарына көмек көрсету.

Ұзартылған күн тобының жұмысы мыналарды қамтиды:

үй тапсырмасын орындау;

шығармашылық және дамытушылық қызметтер;

кітап оқу;

қимыл-қозғалыс ойындар.

Аптасына 5 күн ұзартылған топқа сабақты қазақ және орыс тілдерінде «Бастауыш білім беру» мамандығының 3-4 курс студенттері, Ақтау қаласындағы 2-ші шағын ауданның 1-4 сынып оқушыларына жүргізеді.

Бүгінгі күні қазақ, орыс тілінде №5, №6 орта мектептерінің бастауыш сыныптарынан қосымша сабаққа 48 оқушы қатысып үй тапсырмаларын орындап, білім деңгейін арттыруда.

Бірінші ауысым сағат: 09:00 - 11:00 аралыгында қазақ, орыс тілдерінде екі топта 25 оқушы;

Екінші ауысым сағат: 14:00 - 16:00 аралыгында екі топта (қазақ, орыс) 23 оқушы қосымша сабаққа қатысады. 

title=title=title=title=title=title=title=


Бүгін, 2 сәуір күні «AIS» халықаралық мектебінде ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен ...

2026 жылғы 26-27 наурыз күндері Астагна қаласы,№115 жалпы білім беретін мектеп ...

2026 жылдың 26 наурыз күні Түркістан қаласында математика пәні мұғалімдері ...

Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары! Ағымдағы жылдың 2–3 сәуір күндері ...

2026 жылдың 23 наурыз күні Алматы қаласында жас математика пәні мұғалімдері ...

2026 жылдың 20 наурыз күні Қарақия ауданының №4 жалпы білім беретін мектеп ...

Мектепке дейінгі және орта білім беру саласындағы Республикалық ...

Білім берудің оқу- әдістемелік орталығының іс- шаралар жоспарына сәйкес, 2026 ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы «Балаларды ерте дамыту институтының» ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2026 жылға арналған іс-шаралар ...