Орталық жаңалықтары

«НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІ ЖЕТІЛДІРУ ЖӨНІНДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ» тақырыбында онлайн семинар

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 12 тамыз күні жалпы білім беретін мектептер, мектепке дейінгі ұйымдар, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтеріне инклюзивті білім беру үшін жағдай жасаудың бірыңғай тәсілін анықтау туралы нормативтік-құқықтық актілерге енген өзгерістер туралы түсіндіру мақсатында «Нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру жөніндегі ақпараттық түсіндіру жұмыстары» тақырыбында онлайн семинар өтті.

Қамтылған аудитория: Мектепке дейінгі және жалпы білім беру ұйымдарының, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагог-логопедтері, дефектологтері, педагог-психологтері, әлеуметтік педагогтері, педагог-ассистенттері және қалалық, аудандық оқу-әдістемелік орталықтарының инклюзивті білім беруге жауапты әдіскерлері.

Қойтанова Ғалия Күмбетбайқызы, «Психологиялық қолдау» бөлімінің жетекшісі - «Кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кентанова Ляззат Қуанышқалиқызы, «Психологиялық қолдау» бөлімінің әдіскері - Оқу-ағарту министрінің м. а. 2024 жылғы 12 шілдедегі № 178 қаулысымен бекітілген - «Білім беру ұйымдарындағы инклюзивті білім беру үшін жағдай жасау бойынша әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» айтып өтті.

Семинар соңында қатысушылардың ой-пікірлері тыңдалып, кері байланыс орнатылды. 

title=title=title=title=title=


...

Бүгін, 7 тамыз күні балалар мен жасөпірімдердің тәрбиесіне қоғамның назарын ...

2024 жылдың 19-21 маусым күндері білім беру ұйымдарындағы 2024-2025 оқу жылында жүзеге ...

Бүгін, 2024 жылғы 30 мамыр күні Жаңаөзен политехникалық колледжінде білім берудің ...

2024 жылғы 28 мамыр күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...

2024 жылғы 28 мамыр күні мектепке дейінгі ұйым қауымдастығының 2024 жылғы іс-шаралар ...

2024 жылдың 27 мамыр күні «Mediana Services Limited» ЖШС орталығында қосымша білім беру ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 24 мамыр күні ...