Облыстық қауымдастықтардың отырысы өткізілді.
2023 жылдың 17 қаңтар күні Ақтау қаласындағы С.Мұқашев атындағы №16 жалпы білім беру мектебінде директордың тәрбие жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтар, қосымша және арнайы білім беру ұйымдары мамандарынан құралған облыстық қауымдастықтардың отырысы өткізілді.
Қатысушылар саны: 24 маман қатысты.
Күн тәртібінде төмендегідей мәселелер қаралып, қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, тренингтер ұйымдастырылды:
1.Жылдық жоспарды талдау;
2.Баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы қағидаларын бекіту туралы ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы №506 бұйрығымен таныстыру және талқылау;
3.«Қоғамда оқушылар арасында орын алатын буллингтің себептерін, әсерін талдау» тақырыбындағы жыл бойы зерттеу жұмыстарын жүргізу;
4.«Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған ден қою жөніндегі іс-қимыл алгоритмі»
Қатысушылар ұсыныс пікірлерін айтып, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.
2023 жылдың 30 қаңтар күні онлайн форматта облыстық семинар өтті. Мақсаты: қазіргі ...
"Мектепке дейінгі жастағы балаларға тәрбие мен білім беру үрдісінде ұлттық ...
Құрметті әріптестер! Алтынсарин академиясы «Білім» (ғылыми-педагогикалық) және ...
2023 жылдың 20 қаңтар күні «Onlain repetitor» жобасы өз жұмысын бастады. Облыстық ...
Telegram каналында аптасына бір олимпиада есебі беріліп, белгілі бір уақытқа дейін ...
2023 жылдың 23 қаңтар күні Ақтау қаласындағы И.Сүйеубаев атындағы №8 жалпы білім ...
Білім басқармасының 2022 жылдың 20 желтоқсандағы техникалық және кәсіптік білім ...
2023 жылдың 19 қаңтар күні облыстық Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...
2023 жылдың 17 қаңтар күні Ақтау қаласындағы С.Мұқашев атындағы №16 жалпы білім ...
Оқу-ағарту министрлігі 2022-2023 оқу жылынан бастап жоғары оқу орнына IT бағыты ...