Ауыл ұстазы – ел абыройы
Астана қаласында Ұстаздар күні қарсаңында өткен шарада Бейнеу ауданының Опорный жалпы білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі, шебер педагог Жиенбетова Қарқара Кенесарықызы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Бұл жоғары марапат – ауыл ұстазының табанды еңбегіне, өскелең ұрпаққа деген шынайы жанашырлығына көрсетілген құрмет.
Атаулы марапатты Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызы табыстады.
Қарқара Кенесарықызы 38 жыл еңбек жолында мыңдаған шәкіртке сапалы білім беріп қана қоймай, жас мамандарға тәлімгерлік жасап, ұстаздық жолдың абыройы мен жауапкершілігін терең ұғындырып келеді.
Ауыл мектебінде үздіксіз еңбек етіп, саналы ғұмырын жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруге арнаған ұстазды марапатымен шын жүректен құттықтай отырып, деніне саулық, отбасына амандық, шығармашылық табыс тілейміз.
2023 жылдың 20 қазан күні Маңғыстау облысы мектепке дейінгі ұйым педагогтері ...
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, ...
2023 жылдың 18 қазаны күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар ...
2023 жылдың 19 қазаны күні педагогикалық қызметтің тиімді ұйымдастырылуын ...
Білім берудің оқу әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2023 ...
2023 жылдың 18 қазан күні облыстық «Мектептің үздік ата – аналар/қамқоршылық ...
Ағымдағы жылдың 17-19 қазан аралығында «7 жұрт» қоғамдық бірлестігінің ...
2023 жылдың 17 қазан күні Маңғыстау облысының білім басқармасы басшысының ...
2023 жылдың 13 қазанында қазақ тілі мен әдебиеті мәні мұғалімдеріне арналған «PISA ...
Хабарландыру! Маңғыстау облысының білім басқармасы «Орта білім беретін ...