Орталық жаңалықтары

Республикалық жетістік!

«Мектепке дейінгі ұйымның жыл әдіскері» байқауының облыстық кезеңінде Мұнайлы ауданы, №6 «Өркен» бөбекжайының әдіскері Реева Тұрсынай Жүсіпбайқызы жүлделі І орынға ие болып, республикалық кезеңге жолдама алған болатын.

Міне, бүгін сол еңбектің жемісі мен кәсіби шеберліктің тағы бір дәлелі — республикалық байқаудың қорытынды кезеңінде ІІІ орынға ие болды!

Бұл — тынымсыз еңбектің, ізденістің, кәсіби біліктіліктің және мектепке дейінгі білім беру саласына деген адалдықтың жемісі. Тұрсынай Жүсіпбайқызын осынау айтулы жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!

Еңбегіңіз еленіп, мерейіңіз үстем болсын! Білім беру саласындағы бастамаларыңызға сәттілік, шығармашылық шабыт, толағай табыс тілейміз! Әрдайым биіктен көрініп, абыройыңыз асқақтай берсін!  

title=


Бүгін, білім беру қызметкерлерінің Тамыз кеңесі аясында облыстың білім беру ...

Биылғы жылы 1 383 робототехника, химия, биология, физика және STEM пәндік ...

ҚР Премьер-Министрінің 2024 жылғы 9 шілдедегі №21 және 2024 жылғы 11 шілдедегі н/ж ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 12 тамыз ...

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта, қосымша, арнайы, техникалық және ...

...

Бүгін, 7 тамыз күні балалар мен жасөпірімдердің тәрбиесіне қоғамның назарын ...

2024 жылдың 19-21 маусым күндері білім беру ұйымдарындағы 2024-2025 оқу жылында жүзеге ...