Орталық жаңалықтары

Байқау

"BILIMKIDS" платформасы ҚР БҒМ «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы» РММ бірлесе ұйымдастырған "Үздік жаңашыл тәрбиеші" байқауының басталғанын қуана хабарлаймыз.

Жүлде қоры:

1-орын: 300 000 теңге және Жеңімпаз дипломы

2-орын: 200 000 теңге және Жеңімпаз дипломы

3-орын: 100 000 теңге және Жеңімпаз дипломы

Барлық қатысушы байқауға қатысқанын растайтын Сертификаттармен және жеңімпаздар Дипломмен марапатталады⭐

Қатысу тегін

Өткізу форматы: www.BilimKids.kz платформасында онлайн өтеді.

Байқау шарттары өте оңай:

Мектепке дейінгі мекеменің (шағын орталықтың, мектепалды даярлық сыныбының) кез келген жастағы тобына пән бойынша ҰОҚ әзірлемесін жасау.

Егер қатысушы bilimkids.kz платформасына жазылмаған болса, платформаға кіріп, ТІРКЕЛУ батырмасын басып, электрондық пошта арқылы тіркелуі қажет.

Қатысушы bilimkids.kz платформасына жазылған жағдайда платформаға өз аккаунтының логині мен құпиясөзін қолданып кіре алады

Содан соң ТӘРБИЕШІГЕ бөліміндегі ҰОҚ ЖОСПАРЛАРЫ бетіне өту.

ЖОСПАР ҚОСУ батырмасын басу.

ҰОҚ әзірлемесін цифрлық форматқа көшіру.

Жариялау шарттарын қабылдау.

САҚТАУ батырмасын басу.

ҰОҚ әзірлеуге қатысты ұсынымдар:

http://rc-dd.kz/ сайтындағы оқу-әдістемелік құралдарды қолдану;

bilimkids.kz материалдарын қолданып, видео түсіру;

видеоны әлеуметтік желілердегі парақшасында жариялау;

видеоның сілтемесін ҰОҚ әзірлемесіне қоса тіркеу.

Бұл ретте міндетті түрде видео түсіру талап етілмейді.

Сәттілік тілейміз  

title=


2022 жылдың 23 тамыз күні «Еңбек нарығы және кәсіптік білім: жаңа мүмкіндіктер» ...

2022 жылдың 11-15 тамыз аралығында облыстық білім беру қызметкерлерінің «Білімнің  ...

2022 жылдың 11 тамыз күні облыстық білім беру қызметкерлерінің “Білімнің басты ...

"Қазақстанның ұлттық басымдығы: балалар және білім" ТАМЫЗ ...

Республикалық Тамыз кеңесі аясында Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім ...

2022 жылдың 01-02 тамыз күндері «Балдәурен» оқу-сауықтыру базасында облысымыздың ...

  1. Мекеменің атауы: «Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық ...

Ағымдағы жылдың 1 шілде күні Маңғыстау облыстық қорғаныс істері ...

«Балалар жылы» және 18-24 маусым – ҚР Қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл ...