Әдістемелік көмек көрсетілді
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының (бұдан әрі - Орталық) 2021 жылғы 19 қарашадағы №31-нқ бұйрығына сәйкес құрылған жұмыс тобы, ағымдағы жылдың 22-23 қараша күндері балалардың аутодеструктивті мінез-құлқының алдын алу және бала құқығын қорғау мақсатында Ақтау қаласы Исатай Сүйеубаев атындағы №8 және Мұнайлы ауданы №14 жалпы білім беретін мектептердегі педагог-психологтары мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына әдістемелік көмек жұмыстарын ұйымдастырды.
Нормативтік-құқықтық актілерді қолдана білу жөнінде З. Тұрлан (Орталық директоры) «Білім беру жүйесінің заңнамалық негіздері», С. Каракулов (Мұнайлы ауданының №6 жалпы білім беретін мектептің тәрбие жөніндегі орынбасары) «ДТЖО мен психологтың біріккен жұмысы оқушы психикасының қауіпсіздік кепілі» тақырыптарында өз тәжірибелерімен бөліссе, Ғ. Койтанова (Орталық психологы) аутодеструктивті мінез – құлықты қалыптастырудағы ықпал ететін факторларды алдын – алуда жүргізілетін профилактикалық шаралар бойынша түсіндіріп, «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 16 қыркүйектегі № 472 бұйрығымен жұмыс жүргізілетіндігін айтты.
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығымен Маңғыстау облысының жастар ...
Бүгін 16 наурыз күні Білім басқармасының ұйымдастыруымен қосымша білім беру ...
«Педагогтерді әдістемелік қолдау: проблемаларды шешу жолдары» тақырыбында ...
2023 жылғы 16 наурыз күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар ...
Облыстық білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына ...
2023 жылдың 10 наурыз күні онлайн форматта ұлттық біріңғай тестілеуде кездесетін ...
Информатика пәні мұғалімдеріне арналған «ҰБТ-да кездесетін күрделі есептерді ...
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2023 жылға арналған іс-шаралар ...
2023 жылдың 10 наурыз күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...
2023 жылғы 10 наурызда Маңғыстау облысының білім басқармасы мен Маңғыстау ...