Курсқа қатысушылар іс-тәжірибемен бөлісті
2025 жылғы 24 қаңтар күні техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының колледж басшылары, басшы орынбасарлары мен әдіскерлерін курстан кейінгі қолдау, тәжірибе алмасу мақсатында «Тәжірибеге негізделген кері байланыс» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Семинарға техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары, басшының оқу-өндірістік жұмысы, ақпараттық технологиялар бойынша орынбасарлары, әдіскерлер, арнайы пән оқытушыларынан барлығы 50-ге жуық адам қатысты.
Семинар барысында:
- Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледжінің басшысы Нурадинов Ілес Еркінұлы – «Қазіргі білім беру саласындағы менеджмент: нарық сұраныстарына бейімделу және бәсекеге қабілеттілік»;
- Нұрлыхан Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжі басшысының оқу-өндірістік жұмысы бойынша орынбасары Сдыкова Гулшат Габиденовна және Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжі басшысының кәсіптік бағдар беру жұмыстары бойынша орынбасары Епенова Зинаида Анесқызы – «Қазіргі білім беру жүйесіндегі оқу-өндірістік жұмыстың рөлі: кәсіптік бағдар мен түлектің бәсекеге қабілеттілігін арттыру»;
- Маңғыстау туризм колледжінің әдіскері Епенова Лимон Бисенқызы – «Фасилитация әдістерін әдістемелік жұмыста пайдалану: Фасилитация құралдары мен техникалары»,
- Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі басшысының ақпараттық технологиялар бойынша орынбасары Көшерова Айғаным Есқазықызы – «Жасанды интеллект: трендтер мен инновациялар» тақырыптарында баяндама жасап, шебер сыныптар өткізді.
Спикерлер 2023/2024 оқу жылы ағымында өткен біліктілік арттыру курстарында алған білімдерін практикамен ұштастыра отырып, семинар қатысушыларымен іс-тәжірибе алмасты.
Шара соңында семинар қатысушылары ұсыныс-пікірлерін білдірді.
«Студенттердің ғылыми қоғамдастағы: пәнаралық зерттеулер» тақырыбында ...
Маңғыстау ауданына жүргізілген мониторинг «Маңғыстау ауданындағы білім ...
2022 жылғы 17-18 қараша күндері Ақтау қаласының С. Мұқашев атындағы №16 жалпы білім ...
Маңғыстау облысы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім ...
2022жылғы 17 қазан күні Ақтау қаласының Каспий өңірі «Болашақ» колледжі базасында ...
Мектепке дейінгі ұйым веб-сайтының қызметін зерделеу, сапасын бағалау ...
Ағымдағы жылы 15 қараша меншік нысанына қарамастан барлық техникалық және ...
2022 жылғы 03 қараша күні Жаңаөзен қаласының №24 мектеп-лицейінде ғылыми-зерттеу ...
Облыстық білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2022 жылғы іс-шаралар ...
01-02.11.2022ж. Ақтау қаласындағы Білім инновация лицейінде педагог кәсібінің ...