«Үздік кітап оқитын» мектеп анықталды
Бүгін, 15 ақпан күні жалпы білім беретін мектептердің кітапханаларының заманауи ақпараттық мәдениетін қалыптастыру, қызметін қолдау және ынталандыру мақсатында «Үздік кітап оқитын мектеп» облыстық байқауы ұйымдастырылды. Қашықтан өткізілген бұл байқауда аудандық, қалалық кезеңнен іріктелген 6 мектептің жұмысы қаралды.
Қатысушылар ұсынған ақпараттық анықтама мен кітапхана жұмысын иллюстрациялайтын бейнероликтерді, сондай-ақ қосымша ұсынылған мәліметтерді ескере отырып, белгіленген критерийлер бойынша байқау қорытындысы шығарылды. Үміткерлерге ZOOM қосымшасы арқылы сұрақтар қойылды.
Байқау нәтижесінде:
І орынды Қарақия ауданының №9 бастауыш мектебі (кітапханашысы – Таласбай Сағынқан Жетібайқызы),
ІІ орынды Бейнеу ауданының Күйкен жалпы білім беретін мектебі (кітапханашысы – Аманова Нұрсұлу),
ІІІ орынды Мұнайлы ауданының №10 жалпы білім беретін мектебі (кітапханашысы – Кульчикова Тамара Шараевна) иеленді.
Байқауға қатысушылардың барлығына сертификаттар табысталды.
Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз!
2022 жылғы 24 қаңтардан бастап Қазақстан бойынша барлық білім беру ұйымы дәстүрлі ...
2022 жылдың 5-6 күндері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ...
2021 жылдың 10 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына ...
2021 жылы 13-23 желтоқсан аралығында техникалық және кәсіптік, орта білімнен ...
Білім берудің оқу-әдістемелік және қосымша білім беру орталығының іс – шаралар ...
Отбасылық құндылықтарды сақтау, әкелердің бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін ...
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы ...
Білім берудің оқу - әдістемелік және қосымша білім беру орталығының іс – шаралар ...
Маңғыстау облысы әкімінің парасаттылық мәдениетін ілгерілету бойынша 2021 жылға ...
2021 жылдың 23 желтоқсан күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының психологы ...