«Үздік кітап оқитын» мектеп анықталды
Бүгін, 15 ақпан күні жалпы білім беретін мектептердің кітапханаларының заманауи ақпараттық мәдениетін қалыптастыру, қызметін қолдау және ынталандыру мақсатында «Үздік кітап оқитын мектеп» облыстық байқауы ұйымдастырылды. Қашықтан өткізілген бұл байқауда аудандық, қалалық кезеңнен іріктелген 6 мектептің жұмысы қаралды.
Қатысушылар ұсынған ақпараттық анықтама мен кітапхана жұмысын иллюстрациялайтын бейнероликтерді, сондай-ақ қосымша ұсынылған мәліметтерді ескере отырып, белгіленген критерийлер бойынша байқау қорытындысы шығарылды. Үміткерлерге ZOOM қосымшасы арқылы сұрақтар қойылды.
Байқау нәтижесінде:
І орынды Қарақия ауданының №9 бастауыш мектебі (кітапханашысы – Таласбай Сағынқан Жетібайқызы),
ІІ орынды Бейнеу ауданының Күйкен жалпы білім беретін мектебі (кітапханашысы – Аманова Нұрсұлу),
ІІІ орынды Мұнайлы ауданының №10 жалпы білім беретін мектебі (кітапханашысы – Кульчикова Тамара Шараевна) иеленді.
Байқауға қатысушылардың барлығына сертификаттар табысталды.
Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз!
Ағымдағы жылдың 11 ақпан күні “ПМПК қорытындысы негізінде құжаттарды рәсімдеу ...
Бүгін, 7 ақпан күні «Өңірлік білім беруді дамыту ғылыми-тәжірибелік және ...
2025 жылдың 7 ақпан күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы мен Алматыкітап ...
2025 жылғы 7 ақпан күні «Маңғыстау облысында жұмысшы мамандықтар жылын өткізу ...
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің “Қазіргі білім: сапа және менеджмент, заманауи ...
2025 жылдың 6 ақпан күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының мақсатты мектеп ...
Білім беру ұйымдарындағы арнайы мамандар қауымдастығының іс-шаралар жоспарына ...
2025 жылдың 04 ақпан күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының мақсатты ...
Бүгін, 31 қаңтар күні Ақтау қаласының 33 мектепте «Баршаға қолжетімді сапалы ...
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Өңірлік ...