Орталық жаңалықтары

ҮЗДІК ҰСТАЗДАР ҰЛЫҚТАЛДЫ

ҮЗДІК ҰСТАЗДАР ҰЛЫҚТАЛДЫ

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында жаңалыққа жаны құштар, ізденімпаз, еңбекқор, өздерін үнемі жетілдіріп, шәкірт жүрегіне жол тауып жүрген маңғыстаулық педагогтерге ерекше құрмет көрсетілді.

Бүгін 15 желтоқсан күні Ақтау қаласындағы Достық үйінде облыс әкімі Н. Ноғаев облыстың үздік педагогтерімен кездесті.

Салтанатты шараға мемлекеттік органдар мен облыстық, республикалық білім беру ұйымдарының басшылары, республикалық және облыстық «Үздік педагог» конкурсының жеңімпаздары, мұғалімдік жолды таңдаған жас мамандар қатысты.

Кездесу барысында облыс әкімі Н.Ноғаев бүгінгі шараның Тәуелсіздік күні мерекесімен тұспа-тұс келіп отырғандығын атай келе, қонақтарды ұлы мерекемен құттықтады.

«Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз сөзінде: «Ұстаз – әрқашан ілім мен ізгілікті алға қоятын тұлға. Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу – аса жауапты әрі күрделі жұмыс. Сондықтан болашаққа жол сілтейтін мұғалімнің еңбегін лайықты бағалау – өте маңызды міндет»,- деген болатын.

Осыған байланысты елімізде «Педагог мәртебесі туралы» Заң қабылданғанын білесіздер. Заңда педагогтің құқықтары, әлеуметтік кепілдіктері және шектеулері, міндеттері мен жауапкершілігі нақты бекітілді.

Кезең-кезеңмен педагогтерді ұдайы материалдық қолдау жүйесі қалыптасты. Соңғы төрт жылда жалақы 100 %-ға, біліктілік санаттары бойынша жалақы 50%-ға дейін өсті.

Халықаралық деңгейде оқушы дайындаған педагогке тиісті мемлекеттік білім беру ұйымының қызметі бойынша үнемдеу есебінен үш лауазымдық айлықақы мөлшерінде біржолғы сыйақы төленді.

Республикалық «Үздік педагог» конкурсының облыстық кезеңінің жеңімпазына 1000 еселенген айлық есептік көрсеткіш және республикалық кезеңге қатысқан, бірақ оның жеңімпазы болмаған «Үздік педагог» конкурсының облыстық кезеңінің жеңімпазына кемінде 300 еселенген мөлшерінде сыйақы тағайындалды.

Осының барлығы педагогтердің қоғамдағы мәртебесін көтеру үшін мемлекет тарапынан көрсетілген үлкен қолдау деп білемін.

Заман талабына сай білімі мен білігі, рухы мен мәдениеті озық мұғалімнің ғана шәкірт алдында беделі биік болары сөзсіз.

Облыста соңғы 10 жыл ішінде (2012-2022 жж.) үздік педагогтердің саны 35-ке жетті. Осындай педагогтеріміздің қатары жыл сайын толығып келе жатқаны көңіл қуантады», - деді облыс әкімі Н.Ноғаев.

Шара соңында 2022 жылдың «Үздік педагог» конкурсының жеңімпаздарына Маңғыстау облысы әкімінің Алғыс хаты, облыстың үздік педагогтеріне 300 АЕК көлеміндегі ақшалай сыйлық сертификаттары табысталды.

Сонымен қатар барлық үздік педагогтерге облыс әкімі Н.Ноғаевтың құттықтау хаты тапсырылды. 

title=title=title=title=title=title=title=title=title=


2021 жылдың 15 қараша күні Білім берудің оқу–әдістемелік орталығының ...

2021 жылдың 9 – 11 қараша аралығында Ақтау қаласы Маңғыстау туризм колледжінің ...

Маңғыстау облыстық білім басқармасының  08.11.2021ж. №139-нқ бұйрығы негізінде ...

2021 жылдың 11 қараша күні Маңғыстау облысы білім басқармасы басшысының орынбасары ...

Маңғыстау облысының білім басқармасының 2021 жылғы 9 қарашадағы №115-нқ бұйрығына ...

10.11.2021 ж. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері арасында "Оқу қызметіне ...

Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі оқытушылары ...

Дарынды арнайы пәндер оқытушыларын және өндірістік оқыту шеберлерін анықтау, ...

2021 жылдың 8-25 қараша аралығындап Маңғыстау облысы әкімінің "2021 жылға арналған ...

Маңғыстау облысының білім басқармасының 2.11.2021 жылғы №138 нқ бұйрығы негізінде 4 ...