Орталық жаңалықтары

Ауыл ұстазы – ел абыройы

Астана қаласында Ұстаздар күні қарсаңында өткен шарада Бейнеу ауданының Опорный жалпы білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі, шебер педагог Жиенбетова Қарқара Кенесарықызы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

Бұл жоғары марапат – ауыл ұстазының табанды еңбегіне, өскелең ұрпаққа деген шынайы жанашырлығына көрсетілген құрмет.

Атаулы марапатты Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызы табыстады.

Қарқара Кенесарықызы 38 жыл еңбек жолында мыңдаған шәкіртке сапалы білім беріп қана қоймай, жас мамандарға тәлімгерлік жасап, ұстаздық жолдың абыройы мен жауапкершілігін терең ұғындырып келеді.

Ауыл мектебінде үздіксіз еңбек етіп, саналы ғұмырын жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруге арнаған ұстазды марапатымен шын жүректен құттықтай отырып, деніне саулық, отбасына амандық, шығармашылық табыс тілейміз. 

title=title=title=


Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы этнос ...

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған облыстық вебинар 2022 ...

2022 жылдың 21 желтоқсанында облыстық білім басқармасының «Өрлеу» біліктілікті ...

ҮЗДІК ҰСТАЗДАР ҰЛЫҚТАЛДЫ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні ...

2022 жылдың 14 желтоқсан күні, Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы және ...

Облыстық білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, ...

2022 жылғы 13 желтоқсан күні жалпы білім беретін мектептердің кітапханашылары ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2007 жылғы ...

2022 жылдың 3-4 желтоқсан күндері Алматы қаласында математика, физика, информатика ...