Орталық жаңалықтары

Десанттық сабақтар өтті

2026 жылғы 7 қазан күні Ақтау қаласындағы №17 жалпы білім беретін мектебінде Маңғыстау облысы білім басқармасының 2026 жылғы 30 қыркүйектегі №173 бұйрығына сәйкес, республикалық кезеңге жолдама алған педагогтерге кәсіби қолдау көрсету мақсатында десанттық сабақтар өтті.

Сабақтарға қатысу барысында ұстаздардың оқу үдерісін ұйымдастыруы, сабақ құрылымы, мазмұны, қолданған әдіс-тәсілдері мен білім алушылардың оқу белсенділігі сараланды.

Сонымен қатар, педагогтерге сабақтарды тиімді жоспарлау, заманауи педагогикалық технологияларды орынды қолдану, оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігін арттыру, қалыптастырушы бағалауды жетілдіру бағыттары бойынша нақты ұсыныстар берілді.

Десанттық сабақтардың мақсаты – педагогтердің кәсіби әлеуетін арттыру, тәжірибеде кездесетін қиындықтарды анықтап, оларды шешудің тиімді жолдарын көрсету және республикалық кезеңге жан-жақты дайындық жасау. 

title=title=title=


2023 жылғы 30 қараша күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар ...

Бүгін, 30 қараша күні Маңғыстау облысының білім басқармасының тапсырысымен, ...

Білім берудің оқу әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес ағымдағы ...

Білім басқармасының «Балалар мен жасөспірімдерді кітап оқуға тарту, кітап ...

Ағымдағы жылдың 29 қараша күні , журналист Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына орай ...

Бүгін, 29 қараша күні білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар ...

Маңғыстау облысы білім басқармасының білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...

Болашақта ел тізгінін ұстар азаматтар - бүгінгі мектеп оқушылары. Оқушы тәрбиесі ...

Елордамыздағы «EXPO» Халықаралық көрме орталығында «WorldSkills Kazakhstan 2023» VIII ...

       Білім  берудің оқу – әдістемелік орталығының іс шаралар жоспарына сәйкес, ...