ОБЛЫСТЫҚ ЖҮРМЕЛІ СЕМИНАР
2023 жылдың 19 қыркүйек күні «Зорлық-зомбылықтың және аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алуда бала психологиясының қалыптасу негіздері» тақырыбындағы облыстық жүрмелі семинарымыз Жаңаөзен қаласында өз жалғасын тапты.
Семинар мақсаты: Білім беру ұйымдарында психологиялық қызметті тиімді ұйымдастыру, зорлық-зомбылықтың алдын алуда, бала психологиясының даму кезеңдерін психоанализ бағытында талдауды жетілдіру.
Іс-шараға жалпы білім беру ұйымдарының директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтер, әлеуметтік педагогтер (70-ке жуық маман) қатысты.
Жаңаөзен қаласы бойынша оқу-әдістемелік орталығының психология бойынша әдіскері Умарбаева Нұргүл Мұсақызы қатысушыларды семинардың тақырыбымен және мақсатымен таныстырып өтті.
Психологиялық қолдау бөлімінің жетекшісі Қойтанова Ғалия Күмбетбайқызы
- «Білім беру ұйымдарындағы зорлық-зомбылықты алдын алуда психологиялық қызметті ұйымдастыру» тақырыбымен және Арнаулы білім беру ұйымының педагог-психологы Көкебаева Назерке Амантайқызы
- «Тұлға дамуының психоанализ бағытындағы даму кезеңдері» тақырыптарында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Шара соңында жалпы білім беру ұйымдарының мамандары QR код арқылы кері байланыстарын жасап, алғыстарын білдірді.
2021 жылы 13-23 желтоқсан аралығында техникалық және кәсіптік, орта білімнен ...
Білім берудің оқу-әдістемелік және қосымша білім беру орталығының іс – шаралар ...
Отбасылық құндылықтарды сақтау, әкелердің бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін ...
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы ...
Білім берудің оқу - әдістемелік және қосымша білім беру орталығының іс – шаралар ...
Маңғыстау облысы әкімінің парасаттылық мәдениетін ілгерілету бойынша 2021 жылға ...
2021 жылдың 23 желтоқсан күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының психологы ...
2019 жылы Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев домбыраны мектептерде балаларға ...
22.12.2021ж күні облыстық физика пәні мұғалімдерінің қауымдастығының іс-шаралар ...
Жас ұрпақты азаматтыққа, отансүйгіштікке, адамның құқықтарына, бостандықтарына ...