Ауыл ұстазы – ел абыройы
Астана қаласында Ұстаздар күні қарсаңында өткен шарада Бейнеу ауданының Опорный жалпы білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі, шебер педагог Жиенбетова Қарқара Кенесарықызы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Бұл жоғары марапат – ауыл ұстазының табанды еңбегіне, өскелең ұрпаққа деген шынайы жанашырлығына көрсетілген құрмет.
Атаулы марапатты Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызы табыстады.
Қарқара Кенесарықызы 38 жыл еңбек жолында мыңдаған шәкіртке сапалы білім беріп қана қоймай, жас мамандарға тәлімгерлік жасап, ұстаздық жолдың абыройы мен жауапкершілігін терең ұғындырып келеді.
Ауыл мектебінде үздіксіз еңбек етіп, саналы ғұмырын жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруге арнаған ұстазды марапатымен шын жүректен құттықтай отырып, деніне саулық, отбасына амандық, шығармашылық табыс тілейміз.
Ағымдағы жылы 15 қараша меншік нысанына қарамастан барлық техникалық және ...
2022 жылғы 03 қараша күні Жаңаөзен қаласының №24 мектеп-лицейінде ғылыми-зерттеу ...
Облыстық білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2022 жылғы іс-шаралар ...
01-02.11.2022ж. Ақтау қаласындағы Білім инновация лицейінде педагог кәсібінің ...
2022 жылдың 27 қазан күні Маңғыстау облысының қазақ тілі мен әдебиеті пәні ...
2022 жылдың 26 қазан күні «Үздік қосымша білім беру педагогі» облыстық байқауы ...
2022 жылдың 22 қазан күні онлайн форматта қауымдастықтың жоспарына сәйкес «Шәкірт ...
Маңғыстау облысы Білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің №11 ...
Бейнеу ауданына жүргізілген мониторинг Маңғыстау облысының білім ...
2022 жылдың 21 қазан күні білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар ...