Орталық жаңалықтары

ТАМЫЗ КЕҢЕСІ — ЖАҢА ФОРМАТТА

Бүгін, 24 тамыз күні білім қызметкерлерінің «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» атты республикалық тамыз кеңесі басталды.

Кеңес аясында «Білім мазмұнын дамыту» тақырыбында өңірде панельдік секциялық отырыстар өтуде.

Секциялар 4 бағыт бойынша «Білім беру сапасын арттыру: іс-тәжірибедегі зерттеу мен идеялар», «Білім беру үдерісіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «Оқыту мен оқудағы инновациялық шеберлік», «Жаңа оқу жылында оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыптарына бөлінген.

Секциялық отырыстарда біліктілік санаты жоғары педагогтер, «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздары, сонымен қатар оқытуда тың идея, жаңа әдіс-тәсілдер қолдану арқылы білім сапасын арттыруға үлесін қосып жүрген жас педагогтер іс-тәжірибесімен бөлісуде.

Айта кететін жәйт, дәстүрлі тамыз кеңесі биылғы жылы жаңа форматта «Бір өңір – бір тақырыптық бағыт» принципімен 20 өңірде білім саласындағы ең өзекті 20 тақырып бойынша өткізілуде.

22 тамыздан бастап тамыз кеңесіне Ақтөбе, Ұлытау, Түркістан, Алматы, Абай, Солтүстік-Қазақстан, Батыс-Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қызылорда, Түркістан, Абай облыстардан және Алматы, Астана қалаларынан 120 педагог келді. Барлығы 600-дей педагог қатысуда. 

title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=


2022 жылдың 01-02 тамыз күндері «Балдәурен» оқу-сауықтыру базасында облысымыздың ...

  1. Мекеменің атауы: «Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық ...

Ағымдағы жылдың 1 шілде күні Маңғыстау облыстық қорғаныс істері ...

«Балалар жылы» және 18-24 маусым – ҚР Қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл ...

Маңғыстау облысы бойынша барлық білім беру ...

Х  А  Б  А  Р  Л  А  Н  Д  Ы  Р  У ҚҰРМЕТТІ ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫ !!! Сіздерді ҰЛТ ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-қимыл жоспарына сәйкес 2022 жылдың 1 ...

26 және 27 мамыр – ҚР Қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл толуы мен «Балалар жылы» ...

Ағымдағы жылдың 27 мамыр күні білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...